https://sputnik.kz/20231121/zharty-millionnan-astam-oqushy-duniezhuzilik-kod-sagaty-aktsiyasyna-qatysady-40289123.html
Жарты миллионнан астам оқушы дүниежүзілік "Код сағаты" акциясына қатысады
Жарты миллионнан астам оқушы дүниежүзілік "Код сағаты" акциясына қатысады
Sputnik Қазақстан
Ең белсенді қатысушыларға Оқу-ағарту министрлігінің сертификаты табысталып, FIRST жарыстарына қатысуға мүмкіндік беріледі 21.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-21T07:02+0500
2023-11-21T07:02+0500
2023-11-21T07:02+0500
информатика
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861078_0:160:3073:1889_1920x0_80_0_0_c4dc828a0ed6cc443b8496c1ca9486fa.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Биыл 4-11 желтоқсан аралығында қазақстандық оқушылар "Код сағаты" бүкіләлемдік акциясына қатысады.Ол инновациялық технологиялар туралы білімді ерекше форматта таратуға бағытталған. Апталық оқыту акциясын Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.Бүкіләлемдік "Код сағаты" акциясы Қазақстанда 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.Оның айтуынша, қор қазірдің өзінде информатика пәнінің мұғалімдерін сабақ беруде инновациялық тәсілдерді қолдануға ынталандырып жатыр. Ол үшін "Дарын" өңірлік орталықтарымен бірлесіп бүкіл ел аумағында семинарлар мен дәрістер өткізілуде. Мұғалімдерге толық сабақ жоспары ұсынылады.Биылғы жылы тақырып жасанды интеллектке арналған.Бұл шара еліміздің барлық мектебінде информатика сабақтары аясында өтеді. Оған 6 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қатысады. Ең белсенді оқытушылар мен қатысушыларға Оқу-ағарту министрлігінің сертификаты табысталып, FIRST жарыстарына қатысуға мүмкіндік беріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861078_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_bf86cf344cc074009c5bb96ef81331c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
информатика, оқушы
Жарты миллионнан астам оқушы дүниежүзілік "Код сағаты" акциясына қатысады
Ең белсенді қатысушыларға Оқу-ағарту министрлігінің сертификаты табысталып, FIRST жарыстарына қатысуға мүмкіндік беріледі
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Биыл 4-11 желтоқсан аралығында қазақстандық оқушылар "Код сағаты" бүкіләлемдік акциясына қатысады.
Ол инновациялық технологиялар туралы білімді ерекше форматта таратуға бағытталған. Апталық оқыту акциясын Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Бүкіләлемдік "Код сағаты" акциясы Қазақстанда 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
"Өткен жылы оған еліміздің әрбір оныншы оқушысы қатысты, биыл біз жарты миллионнан астам оқушы қатысады деп жоспарлап отырмыз. Басты мақсат - оқушыларда компьютерге немесе интернетке қолжетімділіктің болмауына қарамастан, IT саласына барлық тілек білдірушіні тарту, бағдарламаларда балалар үшін барлық мүмкіндік қарастырылған", - дейді қордың негізін қалаушылардың бірі Асылбек Мұрзахметов.
Оның айтуынша, қор қазірдің өзінде информатика пәнінің мұғалімдерін сабақ беруде инновациялық тәсілдерді қолдануға ынталандырып жатыр. Ол үшін "Дарын" өңірлік орталықтарымен бірлесіп бүкіл ел аумағында семинарлар мен дәрістер өткізілуде. Мұғалімдерге толық сабақ жоспары ұсынылады.
Биылғы жылы тақырып жасанды интеллектке арналған.
Бұл шара еліміздің барлық мектебінде информатика сабақтары аясында өтеді. Оған 6 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қатысады. Ең белсенді оқытушылар мен қатысушыларға Оқу-ағарту министрлігінің сертификаты табысталып, FIRST жарыстарына қатысуға мүмкіндік беріледі.