ҰҚШҰ хатшылығы Арменияның нақты неден бас тартқанын түсіндірді

© Sputnik / Арам Нерсесян / Медиабанкке өтуЗаседание Комитета секретарей Совбеза ОДКБ
Заседание Комитета секретарей Совбеза ОДКБ - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2023
Жазылу
Ұйым аймаққа мониторинг миссиясын жіберу туралы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешім жобасы бойынша жұмысты жалғастырады
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Армения тарапы ҰҚШҰ мемлекет басшылары ертең өткізетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) сессиясында жоспарланған құжаттардың бірін қарастырмауды сұрады, деп хабарлады ұйым хатшылығы.
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2022 жылдың қарашасындағы сессиясының шешімдерін іске асыру және Беларусь Республикасының төрағалығы кезінде Ұйым қызметінің басым бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес осы уақытқа дейін Оңтүстік Кавказдағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты екі құжат енгізілген болатын, деп хабарлады хатшылықтағылар.
"Бұл ҰҚШҰ Кеңесінің "Армения Республикасына көмек көрсету жөніндегі бірлескен шаралар туралы" шешімінің жобасы және Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің осы аймақта бейбітшілікке қол жеткізу жөніндегі күш салуларды қолдайтын мәлімдемелері", - деп . нақтыланды хатшылықтағылар.
Минскіде өтетін ҰҚШҰ жарғылық органдарының отырыстары қарсаңында армян тарапы мәлімдеменің жобасын қараудан алып тастауды ұсынды.
"Ұйым аймаққа мониторинг миссиясын жіберу туралы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешім жобасы бойынша жұмысты жалғасуда", - деп мәлімдеді ҰҚШҰ-дағылар.
Бір күн бұрын ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Беларусь президенті Александр Лукашенконың кездесуінде Арменияның ҰҚШҰ-дың көмек көрсетуінен бас тартуы туралы ақпарат айтылды.
"Басқа одақтастардың барлығы бұл шешімді қолдағанымен, армян тарапы бұл құжатқа ешқандай қызығушылық танытпады. Тіпті біздің жұмысымыздың қорытынды бөлігінде ол мәселені күн тәртібінен алып тастауды сұрады", - деді Тасмағамбетов Лукашенкомен кездесуде.
23 қарашада Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді.
Жаңалықтар
0