Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина әскерінің қарсы шабуылдау әрекеті тоқтатылды – Ресей қорғаныс министрлігі

© Sputnik / Станислав КрасильниковРесей Қарулы күштерінің артиллеристері
Ресей Қарулы күштерінің артиллеристері - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2023
Жазылу
НовостиTelegram
Әскери ведомствоның мәліметінше, Украина қарулы күштерінің бірқатар техникасы жойылған
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ресейлік "Восток" әскер тобының бөлімшелері Оңтүстік Донецк бағытында Приютное елді мекені аумағында Украина әскерінің қарсы шабуылын тоқтатты, деп хабарлады РИА Новостиге топтың баспасөз орталығының жетекшісі Олег Чехов.
"Оңтүстік Донецк бағытында "Восток" әскер тобының бөлімшелері артиллерияның қолдауымен Приютное елді мекенінің солтүстік-батысында украиналықтардың қарсы шабуылына тойтарыс берді" - деді офицер.
Оның айтуынша, Украина қарулы күштерінің Урожайное елді мекені аумағындағы бөлімшелерін ротациялау әрекеттері тоқтатылды, техникасы жойылды, ал батареяға қарсы күресте Украина әскерилері екі миномет есептобынан айырылды.
Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі хабарлағандай, Украина қарулы күштері Оңтүстік Донецк бағытында бір тәулікте жаяу әскерге арналған жауынгерлік машина және екі автомобильден айырылды.
Донецк бағытында оңтүстік әскер тобының бөлімшелері артиллериялық және ауыр огнемет жүйелерінің қолдауымен Клещеевка, Шумы және Марьинка елді мекендері аумағында 24-ші механикаландырылған, 5-ші шабуылдау және 95-ші десанттық-шабуылдау бригадаларының шабуылдау топтарының алты шабуылына тойтарыс берді.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс және электронды күрес бөлімшелері ДХР-дың Пески, Яковлевка, Спорное, Ольгинка, Доломитное, Верхнеторецкое, Марьинка, ЛХР-дың Золотаревка, Белогоровка елді мекендері аумағында қарсы тараптың пилотсыз ұшу аппараттарын атып түсірді.
Сондай-ақ 21 қарашада Мәскеу уақытымен шамамен 00.30-да Киевтің Ресей Федерациясы аумағындағы нысаналарға ұшақ үлгісіндегі пилотсыз ұшатын аппаратпен шабуыл жасау әрекетінің жолы кесілді.
Әуе шабуылына қарсы кезекші қорғаныс күштері Украинаның пилотсыз ұшатын аппаратын Курск облысы аумағында жойды.
Жаңалықтар
0