Студенттер әскерден автоматты түрде босатылады – министр

© Sputnik / Тимур БатыршинХалыққа қызмет көрсету орталығы
Халыққа қызмет көрсету орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2023
Жазылу
Бұдан бөлек, нотариустар жазып беретін сенімхаттардың 5 пайызы цифрлық форматқа ауыстырылды
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин енді жоғары оқу орнына түскен жастар әскерден автоматты түрде босатылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін жылда 106 мың студент оқу орнынан немесе емханадан анықтама алып, әскери комиссариатқа тапсыруға екі апта жұмсайтын.
"Енді студент статусын дәлелдеудің қажеті жоқ. Үш министрліктің базасын интеграциялап, студенттер анықтама жинамай-ақ автоматты түрде әскерден босатылады", - деді Мусин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, нотариустар жазып беретін сенімхаттардың 5 пайызы цифрлық форматқа ауыстырылды. Автокөлікті тіркеудің 55 проценті онлайн форматта жасалады. Ал "Электронды үкімет" порталы әр азаматты туған күнімен құттықтап, құжаттардың мерзімі аяқталып қалғаны туралы алдын-ала хабарлауды бастаған.
Жаңалықтар
0