Қазақстан Венгрияға экспорт көлемін 700 миллион долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2023
Жазылу
Екі ел арасындағы тауар айналымы осы жылдың 9 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға ұлғайды
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қазақстан Венгрияға экспорттық тауарлар номенклатурасын сомасы 700 млн долларға жуықтайтын 95 атауға ұлғайтуға ниетті екенін растады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қатысқан Венгриядағы Қазақстан-Мажарстан стратегиялық кеңесінің 6-шы отырысында белгілі болды.
Қазақстан тарапының статистикасы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 172 млн АҚШ долларын құрады, ал осы жылдың 9 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға ұлғайып, 140 млн долларды құрды.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін талқылады.
Делегация басшылары сауда-экономикалық саладағы қазақ-мажар ынтымақтастығы екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің басты қозғаушы күші екенін атап өтті.
"Осыған байланысты тараптар Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның әлеуетін тиімді пайдалану және Қазақстан мен Мажарстанның іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігі жөнінде келісті", - деп жазылған хабарламада.
Мажар делегациясының басшысы – қаржы министрі Михай Варга Мажарстан Қазақстанның Еуропалық Одақтағы сенімді серіктесі екенін мәлімдеді.
"Біз сіздің еліңіздегі саяси және экономикалық реформаларды қолдаймыз және табысты серіктестігімізді одан әрі белсенді дамытуға дайынбыз", – деді Варга.
Стратегиялық кеңес аясында Су ресурстарын басқару бойынша Қазақстан-Мажарстан форумы өтті. Сарапшылар су ресурстарына қатысты өзекті мәселелерді шешу бойынша салалық министрліктердің бірлескен іс-шараларын өткізуге келісті.
Жаңалықтар
0