https://sputnik.kz/20231121/nurzhan-altaev-10-zhylga-bas-bostandygynan-ayyryldy-40327385.html
Экс-депутат Нұржан Әлтаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Экс-депутат Нұржан Әлтаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ, сот оны өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырды 21.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-21T16:37+0500
2023-11-21T16:37+0500
2023-11-21T16:58+0500
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/1198/87/11988737_115:0:3000:1623_1920x0_80_0_0_7ba43305f97f78e5710e5125a5b0c411.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталған Нұржан Әлтаевке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сот материалдарына сәйкес, 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін сотталушы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпал еткені үшін 115 мың АҚШ доллары мен 8 млн 150 мың теңгені пара ретінде алған. Осы уақыт аралығында Әлтаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2018-2019) және мәжіліс депутаты (2019-2020) болған.Отырыс кезінде прокурор сотталушыны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал Әлтаев өзін ақтауды өтінді.Судья жазаны жеңілдететін мән-жай ескерді. Әлтаевтың жас балалары бар. Бірақ жазаны ауырлататын мән-жайлар да анықталды. Атап айтқанда, ол мемлекеттік қызметте қабылдаған антын бұзды."Сот үкімімен экс-вице-министр Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 4-бөлігінде (Пара алу, аса ірі мөлшерде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген ресми хабарламада.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Әлтаевтың басынан өткен оқиғаларАйта кетері, Нұржан Әлтаев екі министрлікте вице-министр болған. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында жұмыс істеді. 2019 жылы "Нұр Отан" (қазіргі Amanat) партиясының тізімі бойынша мәжіліске депутат болып сайланды. Бірақ бір жылдан жаңа партияның құрамын деп шықты. Сол үшін "Нұр Отан" қатарынан шығарылды.Сол кезде Әлтаев байлаулы қолымды шешті, қуаныштымын деп жар салды. Экс-депутат өзін "El Tiregi" партиясын ұйымдастыру комитетінің төрағасы ретінде жариялады. Бірақ партия әлі күнге дейін ресми түрде тіркелмеді. Әлтаев өз жақтастарымен бірге бірнеше рет митингке шықты.Өткен президент сайлауына қатысуға өтініш те берді. Алайда Орталық сайлау комиссиясы оның кандидатурасын тіркеуден бас тартты.Биыл сәуір айында Нұржан Әлтаев бейбіт жиындарды ұйымдастыру ережелерін бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған. Ал маусым айында пара алды деген күдікпен ұсталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1198/87/11988737_669:0:2833:1623_1920x0_80_0_0_b9d52404097c1689e00026c6d3b9c2cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық
Экс-депутат Нұржан Әлтаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды
16:37 21.11.2023 (жаңартылды: 16:58 21.11.2023) Сондай-ақ, сот оны өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырды
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталған Нұржан Әлтаевке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Сот материалдарына сәйкес, 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін сотталушы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпал еткені үшін 115 мың АҚШ доллары мен 8 млн 150 мың теңгені пара ретінде алған. Осы уақыт аралығында Әлтаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2018-2019) және мәжіліс депутаты (2019-2020) болған.
"Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, жасырын тергеу әрекеттерінің жазбаларымен, сараптама актілерімен, заттай дәлелдемелермен дәлелденді", - делінген сот хабарламасында.
Отырыс кезінде прокурор сотталушыны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал Әлтаев өзін ақтауды өтінді.
Судья жазаны жеңілдететін мән-жай ескерді. Әлтаевтың жас балалары бар. Бірақ жазаны ауырлататын мән-жайлар да анықталды. Атап айтқанда, ол мемлекеттік қызметте қабылдаған антын бұзды.
"Сот үкімімен экс-вице-министр Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 4-бөлігінде (Пара алу, аса ірі мөлшерде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген ресми хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Әлтаевтың басынан өткен оқиғалар
Айта кетері, Нұржан Әлтаев екі министрлікте вице-министр болған. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында жұмыс істеді. 2019 жылы "Нұр Отан" (қазіргі Amanat) партиясының тізімі бойынша мәжіліске депутат болып сайланды. Бірақ бір жылдан жаңа партияның құрамын деп шықты. Сол үшін "Нұр Отан" қатарынан шығарылды.
Сол кезде Әлтаев байлаулы қолымды шешті, қуаныштымын деп жар салды. Экс-депутат өзін "El Tiregi" партиясын ұйымдастыру комитетінің төрағасы ретінде жариялады. Бірақ партия әлі күнге дейін ресми түрде тіркелмеді. Әлтаев өз жақтастарымен бірге бірнеше рет митингке шықты.
Өткен президент сайлауына қатысуға өтініш те берді. Алайда Орталық сайлау комиссиясы оның кандидатурасын тіркеуден бас тартты.
Биыл сәуір айында Нұржан Әлтаев бейбіт жиындарды ұйымдастыру ережелерін бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған. Ал маусым айында пара алды деген күдікпен
ұсталды.