https://sputnik.kz/20231121/musin-qagaz-anyqtama-suragandardy-zhauapqa-tartudy-usyndy-40315651.html
Мусин қағаз анықтама сұрағандарды жауапқа тартуды ұсынды
Мусин қағаз анықтама сұрағандарды жауапқа тартуды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Көбіне оны мектеп пен жұмыс берушілер сұрайды, дейді министр 21.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-21T10:10+0500
2023-11-21T10:10+0500
2023-11-21T10:10+0500
анықтама
бағдат мусин
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0f/37674889_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_f7e72a7ea6740df15febc8564ed31827.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қағаз анықтаманы талап еткені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, бұрын жыл сайын 50 миллион анықтама шығарылатын. Бүгінде оның бәрі цифрлық форматқа көшірілген.Министр мемлекеттік қызметтердің проактивті форматта қалай ұсынылатынын да түсіндірді."Мысалы, дүниеге сәби келді дейік. Туу туралы куәлік пен жәрдемақы алу үшін оның анасы бұрын не істейтін? Сол баланы қолына алып, ЦОН-ға баруға мәжбүр болатын. Одан соң жәрдемақы алу үшін бірнеше өтініш жазып, 2 аптадай түрлі мекеменің табалдырығын тоздыратын. Ал қазір еш жаққа барудың, өтініш жазудың қажеті жоқ. Мемлекет SMS арқылы анасын құттықтап, балаға ат қоюды сұрайды. Сөйтіп, ЖСН де, туу туралы куәлігі де, жәрдемақылар да дайын болады",- деп атап өтті Мусин.Бүгінде жыл сайын 400 мыңға жуық бала дүниеге келсе, олардың 68%-ына қызметтер проактивті-онлайн форматта ұсынылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0f/37674889_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_bd39faa4e3d87928fc72781680dafa78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
анықтама, бағдат мусин
Мусин қағаз анықтама сұрағандарды жауапқа тартуды ұсынды
Көбіне оны мектеп пен жұмыс берушілер сұрайды, дейді министр
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қағаз анықтаманы талап еткені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, бұрын жыл сайын 50 миллион анықтама шығарылатын. Бүгінде оның бәрі цифрлық форматқа көшірілген.
"Бірақ анықтаманы негізсіз талап ететіндер әлі де бар. Көбіне оны мектеп пен жұмыс берушілер сұрайды. Келесі жылы бұл проблеманы толық шешеміз деп отырмыз. Анықтаманы заңсыз талап еткені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді сұраймыз", - деді Мусин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министр мемлекеттік қызметтердің проактивті форматта қалай ұсынылатынын да түсіндірді.
"Мысалы, дүниеге сәби келді дейік. Туу туралы куәлік пен жәрдемақы алу үшін оның анасы бұрын не істейтін? Сол баланы қолына алып, ЦОН-ға баруға мәжбүр болатын. Одан соң жәрдемақы алу үшін бірнеше өтініш жазып, 2 аптадай түрлі мекеменің табалдырығын тоздыратын. Ал қазір еш жаққа барудың, өтініш жазудың қажеті жоқ. Мемлекет SMS арқылы анасын құттықтап, балаға ат қоюды сұрайды. Сөйтіп, ЖСН де, туу туралы куәлігі де, жәрдемақылар да дайын болады",- деп атап өтті Мусин.
Бүгінде жыл сайын 400 мыңға жуық бала дүниеге келсе, олардың 68%-ына қызметтер проактивті-онлайн форматта ұсынылады.