https://sputnik.kz/20231121/katar-kepilge-alyngandar-turaly-kelisimnin-man-zhayyn-zhaqyn-uaqytta-zhariyalaydy--khamas-40318108.html
Катар кепілге алынғандар туралы келісімнің мән-жайын жақын уақытта жариялайды – ХАМАС
Катар кепілге алынғандар туралы келісімнің мән-жайын жақын уақытта жариялайды – ХАМАС
Sputnik Қазақстан
Келісім Газада кепілге алынғандарды палестиналық тұтқындарға айырбастауды қамтиды 21.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-21T11:47+0500
2023-11-21T11:47+0500
2023-11-21T11:47+0500
палестина
израиль
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/15/40317837_0:153:2939:1806_1920x0_80_0_0_dd3e3e4381f7151d50430c4fe03bd08c.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Палестиналық ХАМАС қозғалысы Катар кепілге алынғандарды босату туралы келісімнің мән-жайын алдағы сағаттарда жариялайды деп күтеді. Бұл туралы РИА Новости Al-Arabiya телеарнасына сілтеме жасап хабарлады."Біз (ХАМАС – ред.) делдал рөліндегі Катар таяу сағаттарда келісімнің мән-жайын жариялайды деп күтеміз", - деп хабарлады телеарна қозғалыс өкіліне сілтеме жасап.Келісім гуманитарлық аспектіні, сондай-ақ Газада кепілге алынғандарды палестиналық тұтқындарға айырбастауды көздейді.Бұған дейін Газа секторында билік жүргізетін Палестиналық ХАМАС қозғалысы Саяси бюросының басшысы Исмаил Хания уақытша бітім жасау туралы келісімінің жақындап қалғанын мәлімдеді. Қозғалыс Катар және Израильмен келіссөз барысындағы басқа да делдалдарға өз жауабын жеткізді.Өткен аптада Washington Post газеті АҚШ, Израиль және ХАМАС кепілге алынғандарды босату үшін Газа секторындағы қақтығыста бес күндік үзіліс жасау туралы келісімге жақындағанын хабарлады.Өткен аптада Washington Post газеті АҚШ, Израиль және ХАМАС кепілге алынғандарды босату үшін Газа секторындағы қақтығысты бес күнге тоқтату туралы келісімге жақындағанын хабарлады.7 қазанда Палестиналық ХАМАС қозғалысының әскери қанаты "Әл-Ақса тасқыны" операциясы аясында Израильге зымыранмен ауқымды шабуыл жасады. Осыдан кейін ұйым жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға кіріп, әскерилерге де, бейбіт тұрғындарға да оқ жаудырды, сонымен қатар 200-ден астам адамды кепілге алды. Биліктің соңғы мәліметі бойынша Израильде 1,2 мыңға жуық адам, соның ішінде бейбіт тұрғындар, әскерилер, шетелдік азаматтар мен жұмысшылар қаза тапты, сонымен қатар 5 мыңнан астам адам жараланған.Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс күштері Газа секторында ХАМАС-қа қарсы "Темір қылыштар" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде израильдік әскерилер Газамен шекараға жақын орналасқан барлық елді мекенді бақылауға алып, нысандарға, соның ішінде сектор аумағындағы азаматтық нысандарға әуеден соққы бере бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторы толық қоршалғанын жариялады: су, азық-түлік, электрмен жабдықтау, дәрі-дәрмек және жанар-жағармай жеткізу тоқтатылды.Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан қаза тапқандар саны 13 мыңнан асты, 30 мыңнан астам адам жарақат алды.Тараптардың аумақтық мүдделеріне қатысты Палестина – Израиль қақтығысы ондаған жыл бойы аймақта шиеленіс көзі болды. 1947 жылы БҰҰ шешімі екі мемлекеттің – Израиль мен Палестинаның құрылуын анықтағанмен, тек Израиль мемлекеті ғана құрылды.
https://sputnik.kz/20231121/khamas-basshysy-uaqytsha-bitim-zhasau-turaly-kelisimnin-zhaqyndap-qalganyn-aytty-40316549.html
палестина
израиль
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/15/40317837_163:0:2774:1958_1920x0_80_0_0_97a10ae1a3062a9b59fd571bdf0894f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
палестина, израиль
Катар кепілге алынғандар туралы келісімнің мән-жайын жақын уақытта жариялайды – ХАМАС
Келісім Газада кепілге алынғандарды палестиналық тұтқындарға айырбастауды қамтиды
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Палестиналық ХАМАС қозғалысы Катар кепілге алынғандарды босату туралы келісімнің мән-жайын алдағы сағаттарда жариялайды деп күтеді. Бұл туралы РИА Новости Al-Arabiya телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
"Біз (ХАМАС – ред.) делдал рөліндегі Катар таяу сағаттарда келісімнің мән-жайын жариялайды деп күтеміз", - деп хабарлады телеарна қозғалыс өкіліне сілтеме жасап.
Келісім гуманитарлық аспектіні, сондай-ақ Газада кепілге алынғандарды палестиналық тұтқындарға айырбастауды көздейді.
Бұған дейін Газа секторында билік жүргізетін Палестиналық ХАМАС қозғалысы Саяси бюросының басшысы Исмаил Хания уақытша бітім жасау туралы келісімінің жақындап қалғанын мәлімдеді. Қозғалыс Катар және Израильмен келіссөз барысындағы басқа да делдалдарға өз жауабын жеткізді.
Өткен аптада Washington Post газеті АҚШ, Израиль және ХАМАС кепілге алынғандарды босату үшін Газа секторындағы қақтығыста бес күндік үзіліс жасау туралы келісімге жақындағанын хабарлады.
Өткен аптада Washington Post газеті АҚШ, Израиль және ХАМАС кепілге алынғандарды босату үшін Газа секторындағы қақтығысты бес күнге тоқтату туралы келісімге жақындағанын хабарлады.
7 қазанда Палестиналық ХАМАС қозғалысының әскери қанаты "Әл-Ақса тасқыны" операциясы аясында Израильге зымыранмен ауқымды шабуыл жасады. Осыдан кейін ұйым жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға кіріп, әскерилерге де, бейбіт тұрғындарға да оқ жаудырды, сонымен қатар 200-ден астам адамды кепілге алды. Биліктің соңғы мәліметі бойынша Израильде 1,2 мыңға жуық адам, соның ішінде бейбіт тұрғындар, әскерилер, шетелдік азаматтар мен жұмысшылар қаза тапты, сонымен қатар 5 мыңнан астам адам жараланған.
Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс күштері Газа секторында ХАМАС-қа қарсы "Темір қылыштар" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде израильдік әскерилер Газамен шекараға жақын орналасқан барлық елді мекенді бақылауға алып, нысандарға, соның ішінде сектор аумағындағы азаматтық нысандарға әуеден соққы бере бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторы толық қоршалғанын жариялады: су, азық-түлік, электрмен жабдықтау, дәрі-дәрмек және жанар-жағармай жеткізу тоқтатылды.
Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан қаза тапқандар саны 13 мыңнан асты, 30 мыңнан астам адам жарақат алды.
Тараптардың аумақтық мүдделеріне қатысты Палестина – Израиль қақтығысы ондаған жыл бойы аймақта шиеленіс көзі болды. 1947 жылы БҰҰ шешімі екі мемлекеттің – Израиль мен Палестинаның құрылуын анықтағанмен, тек Израиль мемлекеті ғана құрылды.