ҰҚШҰ бас хатшысы Арменияның ұйым көмегінен бас тартқанын айтты

© Photo : Пресс-служба министерства иностранных дел Казахстана Генсек ОДКБ Имангали Тасмагамбетов
Генсек ОДКБ Имангали Тасмагамбетов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2023
Жазылу
Беларусь президенті ҰҚШҰ ұйымның жауапкершілік аймағындағы қақтығыстарды шешуге дайын деп санайды
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ кеңесінің төрағасы Александр Лукашенкоға есеп берді, деп хабарлайды Беларусь басшысының баспасөз қызметі.
Лукашенко Тасмағамбетовтен 23 қарашада өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясын ұйымдастыру мен өткізудің жай-жапсары туралы сұрады.
"Біздің әскери-саяси ұйымымыздың отырысын лайықты деңгейде өткізу керек. Осы іс-шара қарсаңында қандай да бір мәселелер бар болса, солар жайлы білгім келеді", - деді Александр Лукашенко.
Бас хатшы өткен сессияда жоспарланған 34 іс-шараның 32-сі орындалғанын мәлімдеді.
"Өкінішке қарай, екі іс-шараны жүзеге асыра алмадық. Бұл ең алдымен ЕҚЫҰ сияқты еуропалық халықаралық ұйымдармен халықаралық байланыстарымызға, олардың ұстанымдарына байланысты болып отыр", - деді Иманғали Тасмағамбетов.
Оның айтуынша, екінші мәселе Арменияға көмек көрсету туралы шешімді пысықтау туралы тапсырма.
"Басқа одақтастардың барлығы бұл шешімді қолдағанымен, армян тарапы бұл құжатқа ешқандай қызығушылық танытпады. Тіпті біздің жұмысымыздың қорытынды бөлігінде ол мәселені күн тәртібінен алып тастауды сұрады", - деді Тасмағамбетов.
Александр Лукашенко Беларусьтің ұйымға төрағалығы бүкіл посткеңестік кеңістіктегі күрделі кезеңге тап болғанын, ұзаққа созылған қақтығыстар, соның ішінде ұйымның жауапкершілік аймағындағы қақтығыстар шиеленіскенін айтты.
"Бірақ біз бұған дайынбыз және Минскідегі әскери-саяси ұйым аясындағы бұл іс-шара ҰҚШҰ мүшелерінің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі күш-жігерімізді арттыруға ықпал етеді деп сенемін", - деді Беларусь президенті.
Александр Лукашенконың айтуынша, Орталық Азияның оңтүстігінде Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы қақтығыстардың шешімін табу мүмкін болды. Сонымен қатар ол Армения мен Әзербайжан арасындағы текетірес аяқталғанын мәлімдеді.
"Біз болашақ туралы - ондағы екі мемлекеттің тіршілігін қалай ұйымдастыру жөнінде ойлануымыз керек", - деді Беларусь басшысы.
Ол бұрыннан келе жатқан қақтығыс нүктелерінде оң нәтиже көрініс бере бастағанын айтты.
"Бұл біз төрағалық еткендіктен болып отырған жоқ. Осы кезеңде игі қадамдар дөп келді, ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағында жағдайды тыныштандыруға бағытталған осындай құлшыныс, қарқын болды. Өйткені Армения да, Қырғызстан да ҰҚШҰ мүшелері", - деді Александр Лукашенко.
Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасына маңызды іс-шаралар қарсаңында ҰҚШҰ жұмысындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.
Жаңалықтар
0