https://sputnik.kz/20231120/turkiya-qagaz-shygaratyn-zauyt-pen-qazaqstandagy-en-ulken-zhylyzhay-keshenin-salady-40285719.html
Түркия қағаз шығаратын зауыт пен Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешенін салады
Түркия қағаз шығаратын зауыт пен Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешенін салады
Sputnik Қазақстан
Жобаларды жүзеге асыру барысында 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады 20.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-20T08:02+0500
2023-11-20T08:02+0500
2023-11-20T08:02+0500
шымкент
түркия
https://sputnik.kz/img/172/27/1722751_0:270:5184:3186_1920x0_80_0_0_3e0db8d0a049d30f837fe9150c3ab99c.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Түрік инвесторлары Қазақстанда "крафт-ролл" қағазын шығаратын зауыт пен елдегі ең үлкен жылыжай кешенін салады, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов екі шетелдік компаниямен жалпы сомасы 662 млн доллар болатын меморандумға қол қойды."Түркияның ірі компаниясы "Alarko Holding" қала аумағында жаңа форматтағы жылыжай кешенін салады. 650 млн долларға жүзеге асырылатын инвестициялық жоба кезең-кезеңмен жалпы 500 га аумақта 5 мың жаңа жұмыс орнын құрып, жаңа технологияларды енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мен жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.Екінші меморандум бойынша "IŞIKLAR PACKAGING Ltd." компаниясы "крафт-ролл" қағазын шығаратын зауыт салады. Жобаның құны 12 миллион АҚШ долларын құрайды.Екі жоба да тұрақты өңірлік өсуге, инвестициялар тартып, қала экономикасының дамуына және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
шымкент
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/172/27/1722751_288:0:4896:3456_1920x0_80_0_0_428567d7c02c6651d1bd07e748e3d587.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, түркия
Түркия қағаз шығаратын зауыт пен Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешенін салады
Жобаларды жүзеге асыру барысында 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Түрік инвесторлары Қазақстанда "крафт-ролл" қағазын шығаратын зауыт пен елдегі ең үлкен жылыжай кешенін салады, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов екі шетелдік компаниямен жалпы сомасы 662 млн доллар болатын меморандумға қол қойды.
"Түркияның ірі компаниясы "Alarko Holding" қала аумағында жаңа форматтағы жылыжай кешенін салады. 650 млн долларға жүзеге асырылатын инвестициялық жоба кезең-кезеңмен жалпы 500 га аумақта 5 мың жаңа жұмыс орнын құрып, жаңа технологияларды енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мен жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.
Екінші меморандум бойынша "IŞIKLAR PACKAGING Ltd." компаниясы "крафт-ролл" қағазын шығаратын зауыт салады. Жобаның құны 12 миллион АҚШ долларын құрайды.
Екі жоба да тұрақты өңірлік өсуге, инвестициялар тартып, қала экономикасының дамуына және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.