https://sputnik.kz/20231120/talgar-audandyq-aurukhanasynyn-direktoryna-qatysty-qyzmettik-tergeu-bastaldy-40303058.html
Талғар аудандық ауруханасының директорына қатысты қызметтік тергеу басталды
Талғар аудандық ауруханасының директорына қатысты қызметтік тергеу басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Лаура Мырзағали Талғар аудандық орталық ауруханасының медициналық директоры қызметінен босатылды. Қазір оған қатысты қызметтік... 20.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-20T19:06+0500
2023-11-20T19:06+0500
2023-11-20T19:06+0500
талғар
https://sputnik.kz/img/07e5/06/17/17420407_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_39ba9a95bef8a37a1c9e7e007caf2414.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Лаура Мырзағали Талғар аудандық орталық ауруханасының медициналық директоры қызметінен босатылды. Қазір оған қатысты қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі."A-Class Medical" сенімгерлік басқарушы компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Л.Мырзағали жүргізіліп жатқан қызметтік тергеуге байланысты қызметінен босатылды. Бұл шешім жергілікті интернет-басылымдардың ашық беттерінде ұсынылған дәлелдер мен материалдар негізінде қабылданды.Осы жылдың ақпан айында жұмыстан қуылған Лаура Мырзағалидың Алматы облысындағы ауруханалардың біріне жұмысқа орналасқаны белгілі болды.Былтыр қаланың этика кеңесінің шешімімен шенеунік әйел тәртіптік жазаға тартылды. Мырзағали қол астындағы қызметкерлерге дөрекі сөйлеп, артығымен жазып берген сыйақыны беруді талап еткен.Ол жұмыстан босатылып, үш жыл бойы мемлекеттік қызметке орналаса алмайды деген шешім шығарылған. Алайда осы жылдың ақпан айында жұмыстан қуылған Лаура Мырзағалидың Алматы облысындағы ауруханалардың біріне жұмысқа орналасқаны белгілі болды.
талғар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/17/17420407_375:0:2626:1688_1920x0_80_0_0_7561db27b4e6971520edfc8e2b0058af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талғар
Талғар аудандық ауруханасының директорына қатысты қызметтік тергеу басталды
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Лаура Мырзағали Талғар аудандық орталық ауруханасының медициналық директоры қызметінен босатылды. Қазір оған қатысты қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.
"A-Class Medical" сенімгерлік басқарушы компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Л.Мырзағали жүргізіліп жатқан қызметтік тергеуге байланысты қызметінен босатылды. Бұл шешім жергілікті интернет-басылымдардың ашық беттерінде ұсынылған дәлелдер мен материалдар негізінде қабылданды.
"Медициналық директорды орнынан алып тастаудағы мақсат – Талғар аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне қатысты заңсыз әрекеттерді тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету. Қызметтік тергеу жүргізу үшін құрылған комиссия ұсынылған фактілер мен мән-жайға талдау жасайды. Басқарушы компания тергеу барысында объективтілік пен әділдік принциптерінің сақталуына кепілдік береді. Талғар аудандық орталық ауруханасы қызметкерлерінен сабыр сақтап, тергеу аяқталмайынша БАҚ пен әлеуметтік желіде мәлімдеме жасамауды сұрайды", - делінген
хабарламада. Осы жылдың ақпан айында жұмыстан қуылған Лаура Мырзағалидың Алматы облысындағы ауруханалардың біріне жұмысқа орналасқаны белгілі болды.
Былтыр қаланың этика кеңесінің шешімімен шенеунік әйел тәртіптік
жазаға тартылды. Мырзағали қол астындағы қызметкерлерге дөрекі сөйлеп, артығымен жазып берген сыйақыны беруді талап еткен.
Ол жұмыстан босатылып, үш жыл бойы мемлекеттік қызметке орналаса алмайды деген шешім шығарылған. Алайда осы жылдың ақпан айында жұмыстан қуылған Лаура Мырзағалидың Алматы облысындағы ауруханалардың біріне жұмысқа орналасқаны белгілі болды.