https://sputnik.kz/20231120/soltustik-qazaqstanda-150-eldi-meken-ushinshi-kun-zharyqsyz-otyr-40294306.html
Солтүстік Қазақстанда 150 елді мекен үшінші күн жарықсыз отыр
Солтүстік Қазақстанда 150 елді мекен үшінші күн жарықсыз отыр
Sputnik Қазақстан
Ылғалды қар, екпінді жел және температураның төмендеуі электр тарату сымдарында мұздың пайда болуына әкелді 20.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-20T14:44+0500
2023-11-20T14:44+0500
2023-11-20T14:44+0500
солтүстік қазақстан облысы
жарық
https://sputnik.kz/img/623/21/6232185_0:272:2677:1777_1920x0_80_0_0_700e88a83b890244e4dc6ca090cea6a2.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының 10 ауданында 150 елді мекен үш күннен бері жарықсыз отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Еске сала кетейік, облыста 18 қараша күні тәулік бойы боран соғып, бір айлық жауын-шашын мөлшері, кей жерлерде одан да көп жауған болатын.Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстың 11 ауданындағы 217 елді мекенде электр жарығы сөнді. 33 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды."Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі 18 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты компания мамандары жабдықтар мен желілерде көптеген технологиялық ақауларды тіркегенін хабарлады.Ең күрделі технологиялық ақаулар Мағжан Жұмабаев ауданында тіркелді. Мұнда қалалық және аудандық жөндеу бригадаларының күшімен ауданда жарықтың толықтай сөнуіне әкелген 110 кВ "ПТЭЦ-2-Булаево-мұнай" бағанасы қалпына келтірілуде.Қазіргі таңда "Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы" АҚ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда.Облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы азаматтық қорғаныс подполковнигі Сәкен Ағзамовтың айтуынша, дүйсенбідегі таңертеңгі жағдай бойынша 10 аудандағы 150 елді мекен жарықсыз отыр, бұл 21 мыңнан астам абонентті құрайды.Әлеуметтік желіде әр елді мекеннің тұрғындары үш күннен бері жарықсыз отырғандарын айтып шағымдануда. Сонымен қатар көптеген адамдар үйлерін электр қуатымен жылытатындықтан, олар суықта жылусыз және сусыз қалды. Өйткені электр сорғылары да тоқтап қалды."Аққайың ауданы әлі жарықсыз отыр, екі күннен астам уақыт өтті. Шұғыл әрекет қайда? Адамдар жарықсыз, сусыз, жылусыз отыр! Ал далада қыс!" – деп жазды ауыл тұрғыны.Петропавлдан 12 шақырым жерде орналасқан аудан орталығы Бескөл тұрғындары да екі күннен бері жарықсыз қалды."Қазіргі таңда Бескөл ауылының тұрғындарын электрмен қамту жартылай қалпына келтірілді. Сонымен қатар су және жылумен қамту толық жұмыс істеп тұр. Жұмыстардың ұзақтығы электр жабдықтарындағы зақымданған жерлерді іздеу ауқымының үлкендігіне байланысты. Жұмыстар жалғасып жатыр", - деп хабарлады "Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі.Электр желілері компаниясы барлық қызметкерлердің күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін айтып, бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/623/21/6232185_0:21:2677:2028_1920x0_80_0_0_9ada92a9cc81c414471e7f72cc2466ee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, жарық
солтүстік қазақстан облысы, жарық
Солтүстік Қазақстанда 150 елді мекен үшінші күн жарықсыз отыр
Ылғалды қар, екпінді жел және температураның төмендеуі электр тарату сымдарында мұздың пайда болуына әкелді
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының 10 ауданында 150 елді мекен үш күннен бері жарықсыз отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Еске сала кетейік, облыста 18 қараша күні тәулік бойы боран соғып, бір айлық жауын-шашын мөлшері, кей жерлерде одан да көп жауған болатын.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстың 11 ауданындағы 217 елді мекенде электр жарығы сөнді. 33 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды.
"Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі 18 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты компания мамандары жабдықтар мен желілерде көптеген технологиялық ақауларды тіркегенін хабарлады.
"Ылғалды қар мен қатты жел электр тарату желілерінде мұздар түзілуіне және бағаналардың құлауына әкелді. Қазіргі уақытта апатты жою тобы Аққайың (оның ішінде Смирново аудан орталығы), Мағжана Жұмабаева, Қызылжар (соның ішінде Бескөл ауылы), Мәмлүт, Жамбыл, Есіл, Тимирязев, Шал ақын аудандарында тексеру жүргізіп, ақауларды жоюда", - деп хабарлады компаниядағылар.
Ең күрделі технологиялық ақаулар Мағжан Жұмабаев ауданында тіркелді. Мұнда қалалық және аудандық жөндеу бригадаларының күшімен ауданда жарықтың толықтай сөнуіне әкелген 110 кВ "ПТЭЦ-2-Булаево-мұнай" бағанасы қалпына келтірілуде.
Қазіргі таңда "Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы" АҚ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы азаматтық қорғаныс подполковнигі Сәкен Ағзамовтың айтуынша, дүйсенбідегі таңертеңгі жағдай бойынша 10 аудандағы 150 елді мекен жарықсыз отыр, бұл 21 мыңнан астам абонентті құрайды.
Әлеуметтік желіде әр елді мекеннің тұрғындары үш күннен бері жарықсыз отырғандарын айтып шағымдануда. Сонымен қатар көптеген адамдар үйлерін электр қуатымен жылытатындықтан, олар суықта жылусыз және сусыз қалды. Өйткені электр сорғылары да тоқтап қалды.
"Аққайың ауданы әлі жарықсыз отыр, екі күннен астам уақыт өтті. Шұғыл әрекет қайда? Адамдар жарықсыз, сусыз, жылусыз отыр! Ал далада қыс!" – деп жазды ауыл тұрғыны.
Петропавлдан 12 шақырым жерде орналасқан аудан орталығы Бескөл тұрғындары да екі күннен бері жарықсыз қалды.
"Қазіргі таңда Бескөл ауылының тұрғындарын электрмен қамту жартылай қалпына келтірілді. Сонымен қатар су және жылумен қамту толық жұмыс істеп тұр. Жұмыстардың ұзақтығы электр жабдықтарындағы зақымданған жерлерді іздеу ауқымының үлкендігіне байланысты. Жұмыстар жалғасып жатыр", - деп хабарлады "Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі.
Электр желілері компаниясы барлық қызметкерлердің күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін айтып, бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.