https://sputnik.kz/20231120/qazaqstan-reseylik-gazpromnan-gazdandyru-bagasyna-qatysty-usynystar-kutip-otyr-40292423.html
Қазақстан ресейлік Газпромнан газдандыру бағасына қатысты ұсыныстар күтіп отыр
Қазақстан ресейлік Газпромнан газдандыру бағасына қатысты ұсыныстар күтіп отыр
Sputnik Қазақстан
Қазақстан жыл соңына дейін республиканың солтүстік-шығысын газдандыру жоспарын нақтылайды 20.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-20T12:47+0500
2023-11-20T12:47+0500
2023-11-20T12:47+0500
газдандыру
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/14/40290537_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_32ac0c0538b47e8ed3073c0227281fe7.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Алдағы бір жарым айда Қазақстанның энергетика министрлігі "Газпромнан" республиканың солтүстік-шығысын газдандыру бағасына қатысты ұсыныс күтеді. Бұл туралы Қазақстанның энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлімдеді."Біз ресейлік серіктестермен бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Қазір "Газпром" компаниясы бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасап жатыр", - деп түсіндірді Жамауов брифингте.Оның ойынша, жыл соңына дейін Қазақстанның солтүстігі мен шығысында газдандырудың қалай жүретіні нақтырақ белгілі болады.Бағаға қатысты мәселе әлі белгісіз, деп түсіндірді Жамауов.Еске салсақ, осы жылдың маусым айында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуде республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында газдандыру қалай жүргізілетіні туралы айтқан болатын. Сол кезде министр ресейлік "Газпром" осы жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді шілде айында аяқтауды жоспарлап отыр деп сендірді.Бұған дейін "Газпромның" Ресей, Қазақстан және Орталық Азияның басқа да елдері арасындағы қарым-қатынастарды қайта пысықтап, газ саласындағы ынтымақтастықтың 15 жылдық бағдарын айқындауды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.Владимир Путиннің Астанаға сапары барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республика аумағы арқылы аймақ елдеріне де, Қытайға да газ жеткізу жобаларының маңыздылығына тоқталды.Тоқаев бұған дейін де Ресей газының Қазақстан арқылы Өзбекстанға транзитін іске қосу Орталық Азияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын айтты.2023 жылдың 7 қазанында президенттер Владимир Путин, Қасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Мирзиёев Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға жеткізуді іске қосты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/14/40290537_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_ce5f9a2b91bc14170a9f188da57865b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газдандыру
Қазақстан ресейлік Газпромнан газдандыру бағасына қатысты ұсыныстар күтіп отыр
Қазақстан жыл соңына дейін республиканың солтүстік-шығысын газдандыру жоспарын нақтылайды
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Алдағы бір жарым айда Қазақстанның энергетика министрлігі "Газпромнан" республиканың солтүстік-шығысын газдандыру бағасына қатысты ұсыныс күтеді. Бұл туралы Қазақстанның энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлімдеді.
"Біз ресейлік серіктестермен бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Қазір "Газпром" компаниясы бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасап жатыр", - деп түсіндірді Жамауов брифингте.
Оның ойынша, жыл соңына дейін Қазақстанның солтүстігі мен шығысында газдандырудың қалай жүретіні нақтырақ белгілі болады.
Бағаға қатысты мәселе әлі белгісіз, деп түсіндірді Жамауов.
Еске салсақ, осы жылдың маусым айында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуде республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында газдандыру қалай жүргізілетіні туралы айтқан болатын. Сол кезде министр ресейлік "Газпром" осы жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді шілде айында аяқтауды жоспарлап отыр деп сендірді.
Бұған дейін "Газпромның" Ресей, Қазақстан және Орталық Азияның басқа да елдері арасындағы қарым-қатынастарды қайта пысықтап, газ саласындағы ынтымақтастықтың 15 жылдық бағдарын айқындауды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.
Владимир Путиннің Астанаға сапары барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республика аумағы арқылы аймақ елдеріне де, Қытайға да газ жеткізу жобаларының маңыздылығына тоқталды.
Тоқаев бұған дейін де Ресей газының Қазақстан арқылы Өзбекстанға транзитін іске қосу Орталық Азияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын айтты.
2023 жылдың 7 қазанында президенттер Владимир Путин, Қасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Мирзиёев Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға жеткізуді іске қосты.