https://sputnik.kz/20231120/qazaq-air-novosibirge-qayta-usha-bastaydy-40287315.html
Qazaq Air Новосібірге қайта ұша бастайды
Qazaq Air Новосібірге қайта ұша бастайды
Sputnik Қазақстан
Ұшақтар Қазақстанның екі қаласынан ұшады 20.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-20T09:21+0500
2023-11-20T09:21+0500
2023-11-20T09:21+0500
ұшақ
рейстер
https://sputnik.kz/img/07e7/03/19/33252033_666:0:3765:1743_1920x0_80_0_0_5ca07d01a0c216a32e8482c524c61579.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Qazaq Air Астана – Новосібір бағыты бойынша аптасына 5 рейске дейін және Өскемен – Новосібір бағыты бойынша аптасына 2 рейске дейін жиілікпен ұшуларды орындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.Хабарламада Мәскеудегі көлік апталығы аясында Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев пен Ресей Федерациясының көлік министрі Виталий Савельевтің кездесуінде нақты келісімге қол жеткізілгені көрсетілген.Тараптар әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін де талқылады.Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Ресей әуе қатынасын өзара кеңейту және елдер арасындағы транзиттік тасымалдауды арттыру туралы келісімге келген. Түркістанда өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 24-ші отырысында тараптар логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын баса айтты.Атап айтқанда, әуе көлігі саласында Қазақстан мен Ресей әуе қатынасын өзара кеңейтуге келісті. Сол кезде QAZAQ AIR әуе компаниясының Новосібір мен Челябіге рейстерін көбейту туралы уағдаластыққа қол жетті.Баяндамада екі елдің аумағы арқылы транзиттік тасымалдауды одан әрі ұлғайту, жол инфрақұрылымын бірлесіп дамыту және Қазақстан – Ресей шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту жоспарлары бар екені айтылды.Сонымен қатар қатысушылар электр энергетикасы және мұнай-газ салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асырудың келешегін қарастырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/19/33252033_1418:0:3742:1743_1920x0_80_0_0_2d4168ea2e63cd8fb531c4e7cc1b267e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, рейстер
Qazaq Air Новосібірге қайта ұша бастайды
Ұшақтар Қазақстанның екі қаласынан ұшады
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Qazaq Air Астана – Новосібір бағыты бойынша аптасына 5 рейске дейін және Өскемен – Новосібір бағыты бойынша аптасына 2 рейске дейін жиілікпен ұшуларды орындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада Мәскеудегі көлік апталығы аясында Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев пен Ресей Федерациясының көлік министрі Виталий Савельевтің кездесуінде нақты келісімге қол жеткізілгені көрсетілген.
Тараптар әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін де талқылады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Ресей әуе қатынасын өзара кеңейту және елдер арасындағы транзиттік тасымалдауды арттыру туралы келісімге келген. Түркістанда өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 24-ші отырысында тараптар логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын баса айтты.
Атап айтқанда, әуе көлігі саласында Қазақстан мен Ресей әуе қатынасын өзара кеңейтуге келісті. Сол кезде QAZAQ AIR әуе компаниясының Новосібір мен Челябіге рейстерін көбейту туралы уағдаластыққа қол жетті.
Баяндамада екі елдің аумағы арқылы транзиттік тасымалдауды одан әрі ұлғайту, жол инфрақұрылымын бірлесіп дамыту және Қазақстан – Ресей шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту жоспарлары бар екені айтылды.
Сонымен қатар қатысушылар электр энергетикасы және мұнай-газ салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асырудың келешегін қарастырды.