Халықаралық автомобиль тасымалына қойылатын талап жеңілдетілді

© Sputnik/Ертай СарбасовБАКАД
БАКАД - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2023
Жазылу
Жаңа талап 6 мыңға жуық отандық тасымалдаушының жағдайын нашарлатқан
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Халықаралық тасымалдау саласында бірқатар артық талаптың күші жойылады, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
Көлік прокурорлары халықаралық автомобиль тасымалдарын реттеу саласындағы бірқатар нормативтік актіге түзету енгізген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы бұйрығын зерделеді.
Өзгерістер тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат алу, автокөлік құралдарына рұқсат карточкаларының қолданылу мерзімі бойынша талаптарды күшейтті және тұтастай алғанда бұл 6 мыңға жуық отандық тасымалдаушының жағдайын нашарлатты.
"Салалық министрлік аталған бұйрықты мұндай құқықтық жаңашылдық халықаралық тасымалдаушы мәртебесін алған (Кәсіпкерлік кодекстің 82-бабы) кәсіпкерлердің қызметіне қалай әсер ететініне талдау жамастан қабылдаған", - деп атап өтті қадағалау ведомствосы.
Осыған орай көлік прокуратурасы өз ұсынысында жаңадан құрылған көлік министрлігінен заңдылықтың бұзылуын жою және осы салада бизнес жүргізу үшін рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдауды талап етті.
Бүгінгі таңда министрлік басқа уәкілетті органдармен бірлесіп, бұйрықтан тасымалдаушылар ұсынатын артық құжаттар мен мәліметтерді алып тастауды көздейтін жаңа түзетулер әзірледі, өйткені олар туралы бірқатар қажетті ақпарат мемлекеттік органның цифрлық дерекқорларында бар (қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем декларациясы, жүргізушілермен жасалған еңбек шарттарының көшірмелері және т.б.).
Осы түзетулерді қабылдау тиісті құжаттама пакетін үштен бірге қысқартуға және тасымалдаушыларға қойылатын талаптарды едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0