Өңірлер

Солтүстік Қазақстан облысында дауыл салдарынан сегіз елді мекен жарықсыз қалды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуЭлектромонтер
Электромонтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2023
Жазылу
Мағжан Жұмабаев ауданы толықтай электр қуатынан ажырап қалған
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында дауыл салдарынан сегіз елді мекен жарықсыз қалды. Кей аудандарда су да жоқ. Қазіргі уақытта жауапты электр қуатын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Севказэнерго " ЖШС баспасөз қызметі.
"Солтүстік-Қазақстан электржелістік тарату компаниясы" АҚ мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан 18 қарашада қондырғылар мен желілерде көптеген технологиялық ақаулар тіркелді. Қар мен қатты жел салдарынан электр тарату желілеріне мұз қатып, үзіліп кеткен. Аққайың (аудан орталығы Смирновада), М.Жұмабаев, Қызылжар (Бескөл ауылында), Мамлют, Есіл, Тимирязев, Шал ақын аудандарында қазіргі уақытта бригадалар электр желілерін тексеріп, апат орнында жұмыс істеп жатыр", - делінген "Севказэнерго" хабарламасында.
Жұмабаев ауданында ең күрделі технологиялық ақау тіркелген. ВЛ-110 кВ "ПТЭЦ-2-Булаево-нефть" тірегі істен шығып, аудан толықтай электр қуатынан ажырап қалған. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.
"Болған жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Бригадалар күшейтілген режим тәртібінде апат салдарын жойып жатыр", - деп жазды компания өкілдері әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ураган в Павлодаре - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2023
Павлодар облысында дауыл 40-тан астам ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Жаңалықтар
0