Қазақстан әскери теңіз күштерін дрондармен жабдықтайды

© AP Photo / Ariel SchalitИзраильский дрон и истребитель над Газой
Израильский дрон и истребитель над Газой  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2023
Жазылу
Әлем елдерінде теңіз инфрақұрылымына террорлық шабуыл жасау жиілеп барады
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қазақстан өз әскери теңіз күштерін суасты және әуеден шабуылдайтын дрондармен жабдықтауды жоспарланып отыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Ақтаудағы әскери теңіз базасында биыл атқарылған жұмыстарды қорытындылау барысында қорғаныс министрлігі әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Сәкен Бекжанов әлем елдерінде жүріп жатқан қарулы қақтығыстар дронның ұрыста тиімділігін байқатқанын айтты.
"Ақтау және Құрық портының қауіпсіздігін, сондай-ақ Транскаспий дәлізінің қазақстандық бөлігі арқылы жүк ағыны кедергісіз өтуін әскери теңізшілер қамтамасыз етеді. Әлем елдерінде теңіз инфрақұрылымына террорлық шабуыл жасау жиілеп барады. Осы тұрғыдан жауынгерлік флот елімізге судан келетін қатерге кез келген уақытта қарсы тұруға дайын", - деді Сәкен Бекжанов.
Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев ел армиясының жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөнінде нақты міндет қойғандықтан, әскери теңізшілер Каспийдің қазақстандық секторында дайындық деңгейін жетілдіріп жатыр. Жалпы әскерилер биыл бірнеше оқу-жаттығу өткізген. Оның аясында әскери кемелер мен жағалау инфрақұрылымын суасты диверсиядан және ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратынан қорғауға басымдық берілген.
Жаңалықтар
0