Өңірлер

Павлодарда 7 жасар қыз үш күннен бері іздестіріліп жатыр

© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской областиПоиски семилетней девочки в Павлодарской области продолжат утром
Поиски семилетней девочки в Павлодарской области продолжат утром - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2023
Жазылу
Жоғалған қыз туралы хабарлама 17 қараша күні сағат 21:14-те түскен
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Павлодарда жоғалып кеткен 7 жастағы қыз үш күннен бері әлі табылмай жатыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілер мәлімдеді, деп хабарлады КТК телеарнасы.
"Сағат 08:00-де қызды іздеу жұмыстары қайта жалғасты. Қазіргі уақытта 319 адам мен 72 техника жұмылдырылған. Ауа-райы тікұшақты пайдалануға әлі де мүмкіндік бермей тұр. Кеше іздеу жұмыстары тікұшақпен 50 шақырым, жаяу және автокөлікпен 25 шақырым жерде жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.
Екпіні секундына 20 метрден асатын желдің күшеюіне байланысты ведомство өкілдері облыс тұрғындарынан көшеге шықпауды сұрады. Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінде штаб құрылып, сенім телефоны жұмыс істейді.
Еске салсақ, жоғалған қыз туралы хабарлама 17 қараша күні сағат 21:14-те түскен. Жеті жасар қыз Екібастұз қаласынан 55 шақырым жердегі Қоянды ауылдық округіне қарасты Бесқауға ауылында үшінші сыныпта оқиды.
Жаңалықтар
0