Елорда тынысы

Астанада қатты желдің салдарынан қанша адамға көмек көрсетілді

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өту Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото
 Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2023
Жазылу
Пациенттердің бәрінің жағдайы қанағаттанарлық, реанимациялық жағдайға түскен науқастар жоқ
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Ауа райының нашарлауына байланысты 18 қарашада Астана қалалық стационарларға медициналық көмек бойынша жүгінген азаматтар бар. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Нақты айтқанда, жедел медициналық жәрдем бригадасы төрт науқасты түрлі жарақаттары бойынша Көпбейінді қалалық ауруханалардың жарақат пунктіне жеткізді. Олар негізінен көгеру, жара секілді жарақаттармен түсті. Аяқтың жабық сынуы диагнозы қойылған бір бала жеткізілді. Пациенттердің бәрінің жағдайы қанағаттанарлық, реанимациялық жағдайға түскен науқастар жоқ.
"Науқастардың бір бөлігі медициналық қызметкерлер тексергеннен кейін асқынулардың болмауына байланысты амбулаториялық емделуге жіберілді. Кейбір зардап шеккендер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жедел жәрдем көлігімен жарақат пунктіне барудан бас тартты", - делінген хабарламада.
Ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, екпіні 15-20 м/с болатын оңтүстік-батыс желінің күшеюіне, кей тұстарда 23 м/с болуына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері дүлей желдің салдарын жою үшін жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтар
0