https://sputnik.kz/20231118/zhambyl-oblysynda-oqushylar-zhappay-ulandy-askhanadagy-azyq-tulikten-ishek-tayaqshalary-shyqty-40263084.html
Жамбыл облысында оқушылар жаппай уланды: асханадағы азық-түліктен ішек таяқшалары шықты
Жамбыл облысында оқушылар жаппай уланды: асханадағы азық-түліктен ішек таяқшалары шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Жамбыл облысындағы оқушылардың жаппай улануына не себеп болғаны анықталды, деп хабарлайды КТК. 18.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-18T09:27+0500
2023-11-18T09:27+0500
2023-11-18T09:27+0500
мектеп
улану
оқушы
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32551915_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_a3f45023778db2f431f7a463ce740f32.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Жамбыл облысындағы оқушылардың жаппай улануына не себеп болғаны анықталды, деп хабарлайды КТК.Сараптама қорытындысына сай, ауыл мектебінің асханасындағы 12 түрлі азық-түліктен ішек таяқшалары табылған. Қауіпті бактерия тіпті нан мен компоттың да құрамынан шықты.Оқыс жағдай осыдан он күн бұрын болған. Мектеп асханасынан бастауыш сынып оқушыларына палау мен компот беріліпті. Бір мезгілде құсып, іші өткен 44 оқушы ауруханаға жеткізілген. Балалармен бірге тамақтанған екі мұғалім де астан ұшынған. Қауіпті жағдайдан кейін дәрігерлер әр үйді аралап, мектептің 400 оқушысының денсаулығын бақылаған. Осылайша мектеп асханасынан уланғандардың саны 61 адамға жетті. Қазір ауруханаға түскендер жазылып, үйіне қайтарылған. Айта кетйік, жаппай уланудан кейін мектеп асханасы карантинге жабылған болатын. Ал оқушыларға ыстық тамақ қашан берілетіні әзірге белгісіз. Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлованың айтуынаша, алдын ала болжам бойынша 12 түрлі тағам түрінің ішінен ішек таяқшасы тобының бактерияларына оң нәтиже шықты. Толық сараптама қорытындысы 21 қарашадан соң белгілі болады. Қазір тексеру жалғасып жатыр.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32551915_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_1fb66512047b2a13bf1923d507d657ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, улану, оқушы, жамбыл облысы
мектеп, улану, оқушы, жамбыл облысы
Жамбыл облысында оқушылар жаппай уланды: асханадағы азық-түліктен ішек таяқшалары шықты
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Жамбыл облысындағы оқушылардың жаппай улануына не себеп болғаны анықталды, деп хабарлайды
КТК.
Сараптама қорытындысына сай, ауыл мектебінің асханасындағы 12 түрлі азық-түліктен ішек таяқшалары табылған. Қауіпті бактерия тіпті нан мен компоттың да құрамынан шықты.
Оқыс жағдай осыдан он күн бұрын болған. Мектеп асханасынан бастауыш сынып оқушыларына палау мен компот беріліпті. Бір мезгілде құсып, іші өткен 44 оқушы ауруханаға жеткізілген. Балалармен бірге тамақтанған екі мұғалім де астан ұшынған.
Қауіпті жағдайдан кейін дәрігерлер әр үйді аралап, мектептің 400 оқушысының денсаулығын бақылаған. Осылайша мектеп асханасынан уланғандардың саны 61 адамға жетті. Қазір ауруханаға түскендер жазылып, үйіне қайтарылған.
Айта кетйік, жаппай уланудан кейін мектеп асханасы карантинге жабылған болатын. Ал оқушыларға ыстық тамақ қашан берілетіні әзірге белгісіз.
Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлованың айтуынаша, алдын ала болжам бойынша 12 түрлі тағам түрінің ішінен ішек таяқшасы тобының бактерияларына оң нәтиже шықты. Толық сараптама қорытындысы 21 қарашадан соң белгілі болады. Қазір тексеру жалғасып жатыр.