https://sputnik.kz/20231118/premer-ministr-marqakol-men-qatonqaragay-audandaryn-qalpyna-keltirudi-tapsyrdy-40271642.html
Премьер-министр Марқакөл мен Қатонқарағай аудандарын қалпына келтіруді тапсырды
Премьер-министр Марқакөл мен Қатонқарағай аудандарын қалпына келтіруді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Үкіметтегі кезекті жиын Шығыс Қазақстан облысының дамуына арналды 18.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-18T16:00+0500
2023-11-18T16:00+0500
2023-11-18T16:12+0500
әлихан смайылов
шекаралас аудандар
https://sputnik.kz/img/612/10/6121051_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_12ee8da9a4e363188fa51c708c63f893.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов Марқакөл және Қатонқарағай аудандарын қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. Жиынға қатысушылар "Алтай" көтерме-тарату орталығын, Риддер қаласындағы емханасы бар көпбейінді аурухана кешенін салу мәселелерін де талқылады. Отырыста облыстағы Қандысу және Үйдене су қоймаларын, сондай-ақ өңірдің суармалы жерлеріндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік каналдарды күрделі жөндеу мәселелері талқыланды. "Жиында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу, республикалық және жергілікті маңызы бар күре жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, туристік нысандарға жол инфрақұрылымын тарту мәселелері де қаралды", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, тау-кен металлургия кешеніне инвесторлар тарту, жұмыс істеп тұрған су электр станцияларын жетілдіру және жаңа шағын станциялар салу, жылу көздеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын бақылауды қамтамасыз ету және басқа да бірқатар мәселелер көтерілді. Әлихан Смайылов жалпы республикаға көптеген су қоймаларын қайта жаңғырту қажет екенін, сондықтан бұл жұмыстарды кезең-кезеңімен жүргізу керектігін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/612/10/6121051_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_f5eb7e41edb8f6975b3965a3ee88f42c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, шекаралас аудандар
әлихан смайылов, шекаралас аудандар
Премьер-министр Марқакөл мен Қатонқарағай аудандарын қалпына келтіруді тапсырды
16:00 18.11.2023 (жаңартылды: 16:12 18.11.2023) Үкіметтегі кезекті жиын Шығыс Қазақстан облысының дамуына арналды
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов Марқакөл және Қатонқарағай аудандарын қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Марқакөл және Қатонқарағай аудандарын қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырамын. Әкімдікпен бірлесіп, тапсырмалардың барлығын уақтылы әрі сапалы орындау үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажет", - деді премьер-министр.
Жиынға қатысушылар "Алтай" көтерме-тарату орталығын, Риддер қаласындағы емханасы бар көпбейінді аурухана кешенін салу мәселелерін де талқылады.
Отырыста облыстағы Қандысу және Үйдене су қоймаларын, сондай-ақ өңірдің суармалы жерлеріндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік каналдарды күрделі жөндеу мәселелері талқыланды.
"Жиында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу, республикалық және жергілікті маңызы бар күре жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, туристік нысандарға жол инфрақұрылымын тарту мәселелері де қаралды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, тау-кен металлургия кешеніне инвесторлар тарту, жұмыс істеп тұрған су электр станцияларын жетілдіру және жаңа шағын станциялар салу, жылу көздеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын бақылауды қамтамасыз ету және басқа да бірқатар мәселелер көтерілді.
Әлихан Смайылов жалпы республикаға көптеген су қоймаларын қайта жаңғырту қажет екенін, сондықтан бұл жұмыстарды кезең-кезеңімен жүргізу керектігін айтты.