https://sputnik.kz/20231117/zhyl-basynan-beri-qazaqstanda-91-million-tonnadan-astam-komir-ondirildi-40252317.html
Жыл басынан бері Қазақстанда 91 миллион тоннадан астам көмір өндірілді
Жыл басынан бері Қазақстанда 91 миллион тоннадан астам көмір өндірілді
Sputnik Қазақстан
Индустрия министрлігі 2029 жылға қарай көмір өндіру 117 миллион тоннаға дейін артады деп болжап отыр 17.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-17T17:30+0500
2023-11-17T17:30+0500
2023-11-17T17:30+0500
көмір
өндіріс
https://sputnik.kz/img/442/80/4428031_0:72:3072:1800_1920x0_80_0_0_6a4aee1c4c47b5437a0276813d573580.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстандағы көмірдің болжамды қоры 33,6 миллиард тоннаны құрайды, жыл басынан бері республикада 91 миллион тоннадан астам көмір өндірілді. Бұл туралы көмір өнеркәсібі мәселелеріне арналған сессияда сөз сөйлеген Қазақстанның өнеркәсіп министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев мәлімдеді.Сессия "Қазақстандық үлес 2.0" халықаралық форумы аясында өтті, деп хабарлады министрліктегілер.Панбаев геосаяси тұрақсыздықты ескере отырып, ішкі нарықты көмірмен қамтамасыз ету маңызды екенін атады.Сондай-ақ жаңа жобаларды жүзеге асыруда көмірді пайдалану мүмкіндіктері кеңейіп жатқанына мәлімдеді. Ол "Шұбаркөл Көмір" компаниясының қуаттылығы жылына 400 мың тонна арнайы кокс өндіретін зауытына және "Богатырь Көмір" ЖШС-ның көмірді тасымалдау бойынша кезеңді-ағынды технологиясын енгізу бойынша бірегей жобасына салынған инвестицияны Мысал ретінде келтірді.Панбаев сондай-ақ 8 жобаны іске асыруды және жаңа энергоблоктар мен жылу электр станцияларын салу жоспарын қамтитын отын-энергетика кешенін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасымен таныстырды.Ол 2029 жылға қарай көмір өндіру 117 миллион тоннаға дейін артады деп есептейді. Бұл көлем түрлі салалардың, соның ішінде энергия өндірісінің, бюджеттік ұйымдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді.Панбаев еліміздің көмір әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру үшін көмір өнеркәсібін дамыту және терең кешенді өңдеуге көшу міндеті тұрғанын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/442/80/4428031_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_56e9827f40c196bee10097e292fa2cf4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көмір, өндіріс
Жыл басынан бері Қазақстанда 91 миллион тоннадан астам көмір өндірілді
Индустрия министрлігі 2029 жылға қарай көмір өндіру 117 миллион тоннаға дейін артады деп болжап отыр
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстандағы көмірдің болжамды қоры 33,6 миллиард тоннаны құрайды, жыл басынан бері республикада 91 миллион тоннадан астам көмір өндірілді. Бұл туралы көмір өнеркәсібі мәселелеріне арналған сессияда сөз сөйлеген Қазақстанның өнеркәсіп министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев мәлімдеді.
Сессия "Қазақстандық үлес 2.0" халықаралық форумы аясында өтті, деп хабарлады министрліктегілер.
"Сала электр энергиясының 70%-ін, кокс-химия жүктемесін және коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың отынға деген қажеттілігін толық қанағаттандыратын негізгі рөл атқарады", - деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.
Панбаев геосаяси тұрақсыздықты ескере отырып, ішкі нарықты көмірмен қамтамасыз ету маңызды екенін атады.
Сондай-ақ жаңа жобаларды жүзеге асыруда көмірді пайдалану мүмкіндіктері кеңейіп жатқанына мәлімдеді. Ол "Шұбаркөл Көмір" компаниясының қуаттылығы жылына 400 мың тонна арнайы кокс өндіретін зауытына және "Богатырь Көмір" ЖШС-ның көмірді тасымалдау бойынша кезеңді-ағынды технологиясын енгізу бойынша бірегей жобасына салынған инвестицияны Мысал ретінде келтірді.
Панбаев сондай-ақ 8 жобаны іске асыруды және жаңа энергоблоктар мен жылу электр станцияларын салу жоспарын қамтитын отын-энергетика кешенін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасымен таныстырды.
Ол 2029 жылға қарай көмір өндіру 117 миллион тоннаға дейін артады деп есептейді. Бұл көлем түрлі салалардың, соның ішінде энергия өндірісінің, бюджеттік ұйымдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Панбаев еліміздің көмір әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру үшін көмір өнеркәсібін дамыту және терең кешенді өңдеуге көшу міндеті тұрғанын айтты.