Ұлытау облысының прокуратурасы бала-бақшалардағы заңсыздықты анықтады

© Photo : Esi GrünhagenАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2023
Жазылу
Әкімдік ата-ана төлемақысының мөлшерін белгілеу кезінде азық-түліктің бөлшек бағасын негізге алған
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Ұлытау облысының прокуратурасы бала-бақшалардағы тамақтану сомасы негізсіз көтерілгенін анықтады.
"Прокурорлар 2023 жылы Ұлытау облысының әкімдігі Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Жаңаарқа ауданындағы балабақшаларда ата-ана төлемақысының негізсіз жоғары мөлшерін бекіткенін анықтады", - деп хабарлады облыстық прокуратура.
Ата-ана төлемақысының мөлшерін (айына бір балаға тамақтану үшін) белгілеу кезінде әкімдік азық-түліктің бөлшек бағасын негізге алған, алайда олардың көтерме бағасы орта есеппен алғанда 10-20% арзан.
Қадағалау актісі бойынша 6,5 мың ата-ананың құқықғы қорғалып, ата-ана төлемақысының мөлшері 1 мың теңгеге төмендетіліп (әкімдіктің қаулысына өзгеріс енгізілді), кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.
Жаңалықтар
0