https://sputnik.kz/20231117/sholdaladagy-sarbazdyn-olimi-komandirdin-zhazasy-qatandatyldy-40236270.html
Шөлдаладағы сарбаздың өлімі: командирдің жазасы қатаңдатылды
Шөлдаладағы сарбаздың өлімі: командирдің жазасы қатаңдатылды
Sputnik Қазақстан
Бұрынғы сот шешімінің күші жойылып, командир 7 жылға бас бостандығынан айырылды 17.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-17T09:35+0500
2023-11-17T09:35+0500
2023-11-17T09:44+0500
сарбаз
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_5cd43247a8f2d7461b008a0df7eb73c7.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанның әскери соты "Шөлдала" шекара заставасындағы сарбаздың өлімі бойынша сотталған командирдің жазасын екі есеге арттыруға шешім қабылдады. Отырыс кезінде қайғылы жағдайға себеп болған оқиғалар жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың ресми сайтына сілтеме жасап.Бұған дейін шекара заставасының бөлімше командирі Айбек Нұртаев Қылмыстық кодекстің төрт бірдей бабы бойынша сотталған болатын. Соның ішінде күш қолдану арқылы қорқытып алу және билікті асыра пайдалану әрекеттері бар. Бірақ өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу және ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті асыра пайдалану бойынша ақталған болатын. Сол кезде сот оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға шешім шығарған.Қазақстанның бас әскери прокуратурасы сот шешімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірді. Бұл жолы сотта қайғылы жағдайға себеп болған оқиғалар жарияланды.Тергеу материалына сәйкес, Нұртаев шекара заставасында келісімшарт бойынша мобильді топтың басшысы ретінде қызмет атқарған.2022 жылы тамыз айында ол сарбаздардың Қарулы күштердің жарғысын бұзып, нарядтағы бекеттерді өз еркімен ауыстырғанын біліп қойған. Сол үшін қатардағы жауынгердің біреуінен ақша бопсалап, өзінің банк есепшотына аударуды талап еткен. Артынан тағы үш сарбаз тәртіп бұзғаны анықталады. Бұл жолы сарбаздар застава аумағында алкогольдік ішімдік ішкен. Олардың арасында Бекбол Мираш та болған. Командир алдымен өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, үшеуін ұрған.Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелерді қарап тексерумен, оның ішінде банк шотының үзінді көшірмесімен, шекара заставасынан алынған бейнежазбамен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен өз дәлелін тапқан.Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен командир күш қолдану (Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлімнің 1-тармағы) және билікті асыра пайдалану (451-баптың 1-бөлі) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.Бекбол Мираштың өлімі2022 жылдың тамызында Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара заставасында 18 жастағы сарбаз Бекбол Мираш суицид жасады.Бастапқыда сарбаздың отбасына оның сүйіктісімен ұрсысып қалғаны туралы хабарланған. Алайда сарбаз қызға жазған хабарламаларында қорқып жүргенін айтқаны анықталды. Марқұм сарбаз бен қызының арасында жанжал болмаған.Содан кейін оның өліміне сол заставаның бөлімше командирі күдікті ретінде танылып, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті асыра пайдаланды деген айып тағылды.Айыпталушының адвокаты Сержан Пірәлиев БАҚ алдында сөз сөйлеп, тергеу нәтижесімен келіспейтінін, тергеуде заң бұзылғанын айтып дабыл қақты.Оның айтуынша, сот-медициналық сараптама қаза тапқан мерзімді сарбаздың іш киімі мен аузынан сперматозоид табылғанын анықтаған. Тергеу барысында тергеуші әскери қызметшіге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық нұсқасын қараудан бас тартты.
https://sputnik.kz/20230914/sholdaladagy-sarbazdyn-olimi-bas-askeri-prokuror-sot-ukimine-narazylyq-bildirmek-38441356.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_49319bd903bcde33ba75b2d029dd9d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарбаз
Шөлдаладағы сарбаздың өлімі: командирдің жазасы қатаңдатылды
09:35 17.11.2023 (жаңартылды: 09:44 17.11.2023) Бұрынғы сот шешімінің күші жойылып, командир 7 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанның әскери соты "Шөлдала" шекара заставасындағы сарбаздың өлімі бойынша сотталған командирдің жазасын екі есеге арттыруға шешім қабылдады. Отырыс кезінде қайғылы жағдайға себеп болған оқиғалар жарияланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан соттың ресми
сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін шекара заставасының бөлімше командирі Айбек Нұртаев Қылмыстық кодекстің төрт бірдей бабы бойынша сотталған болатын. Соның ішінде күш қолдану арқылы қорқытып алу және билікті асыра пайдалану әрекеттері бар. Бірақ өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу және ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті асыра пайдалану бойынша ақталған болатын. Сол кезде сот оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға шешім шығарған.
Қазақстанның бас әскери прокуратурасы сот шешімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірді. Бұл жолы сотта қайғылы жағдайға себеп болған оқиғалар жарияланды.
Тергеу материалына сәйкес, Нұртаев шекара заставасында келісімшарт бойынша мобильді топтың басшысы ретінде қызмет атқарған.
2022 жылы тамыз айында ол сарбаздардың Қарулы күштердің жарғысын бұзып, нарядтағы бекеттерді өз еркімен ауыстырғанын біліп қойған. Сол үшін қатардағы жауынгердің біреуінен ақша бопсалап, өзінің банк есепшотына аударуды талап еткен. Артынан тағы үш сарбаз тәртіп бұзғаны анықталады. Бұл жолы сарбаздар застава аумағында алкогольдік ішімдік ішкен. Олардың арасында Бекбол Мираш та болған. Командир алдымен өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, үшеуін ұрған.
"Кейін сотталушы әскери қызметші Б.-ға негізсіз шүйлігіп, жүйелі түрде ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген", - делінген сот хабарламасында.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелерді қарап тексерумен, оның ішінде банк шотының үзінді көшірмесімен, шекара заставасынан алынған бейнежазбамен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен өз дәлелін тапқан.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен командир күш қолдану (Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлімнің 1-тармағы) және билікті асыра пайдалану (451-баптың 1-бөлі) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
2022 жылдың тамызында Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара заставасында 18 жастағы сарбаз Бекбол Мираш суицид жасады.
Бастапқыда сарбаздың отбасына оның сүйіктісімен ұрсысып қалғаны туралы хабарланған. Алайда сарбаз қызға жазған хабарламаларында қорқып жүргенін айтқаны анықталды. Марқұм сарбаз бен қызының арасында жанжал болмаған.
Содан кейін оның өліміне сол заставаның бөлімше командирі күдікті ретінде танылып, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті асыра пайдаланды деген айып тағылды.
Айыпталушының адвокаты Сержан Пірәлиев БАҚ алдында сөз сөйлеп, тергеу нәтижесімен келіспейтінін, тергеуде заң бұзылғанын айтып дабыл қақты.
Оның айтуынша, сот-медициналық сараптама қаза тапқан мерзімді сарбаздың іш киімі мен аузынан сперматозоид табылғанын анықтаған. Тергеу барысында тергеуші әскери қызметшіге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық нұсқасын қараудан бас тартты.