https://sputnik.kz/20231117/qazaqstanda-starlink-internetin-ornatu-azirge-zansyz--tsifrlyq-damu-ministrligi-40244794.html
Қазақстанда Starlink интернетін орнату әзірге заңсыз – цифрлық даму министрлігі
Қазақстанда Starlink интернетін орнату әзірге заңсыз – цифрлық даму министрлігі
Sputnik Қазақстан
Starlink терминалын өз бетінше орнатқаны үшін республика тұрғындарына 10 АЕК (74 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынады 17.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-17T12:52+0500
2023-11-17T12:52+0500
2023-11-17T14:25+0500
илон маск
интернет
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/11/40240401_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_fd1416c1e60a23bfb2c45fc18a6f5bbf.jpg
АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Кейбір қазақстандықтар Starlink-ті өз бетінше орнатып жатыр. Бұл қауіпсіздік талаптарына сай келмейді, деп мәлімдеді Цифрлық даму министрлігі байланыс саласындағы бақылау басқармасының басшысы Диас Төлегенов мәлімдеді.Цифрлық даму министрлігі Starlink компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр, олар республикада техникалық жұмыстар аяқталмайынша және заңнама өзгермейінше, Қазақстандағы өз терминалдарының жұмысын тоқтатады.Алайда Төлегеновтің айтуынша, Қазақстанда жеке қажеттіліктері үшін Starlink терминалдарын заңсыз сатып алып, орнатып жатқандар бар."Мұндай адамдардың бар екенін айтамын", - деп мойындады ол.Тиісті органдар оларды анықтау жұмыстарын жүргізуде, деп қосты цифрлық даму министрлігінің өкілі. Заңсыз құрылғыларды пайдаланушыларға осы конфигурацияда құрылғыны пайдалану қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіні түсіндіріледі, бұл шын мәнінде заң бұзушылық болып саналады."Пилоттық жоба аясында техникалық жұмыстар аяқталмайынша (елдің 10 мектебінде SpaceX интернетін сынақтан өткізу – Sputnik) және тиісті өзгертулер енгізілмейінше, бұл заңсыз болады", - деп түсіндірді Диас Төлегенов.Мұндай терминалды заңсыз орнатқандарға 10 айлық есептік көрсеткіш (34 500 теңге немесе 74 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынады.
https://sputnik.kz/20231108/qazaqstanda-2000-auyl-mektebi-starlink-zhogary-zhyldamdyqty-internetke-qosylady---39990361.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/11/40240401_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_ee8211736c029c5826a0e9d1197eb2bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
илон маск, интернет
Қазақстанда Starlink интернетін орнату әзірге заңсыз – цифрлық даму министрлігі
12:52 17.11.2023 (жаңартылды: 14:25 17.11.2023) Starlink терминалын өз бетінше орнатқаны үшін республика тұрғындарына 10 АЕК (74 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынады
АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Кейбір қазақстандықтар Starlink-ті өз бетінше орнатып жатыр. Бұл қауіпсіздік талаптарына сай келмейді, деп мәлімдеді Цифрлық даму министрлігі байланыс саласындағы бақылау басқармасының басшысы Диас Төлегенов мәлімдеді.
Цифрлық даму министрлігі Starlink компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр, олар республикада техникалық жұмыстар аяқталмайынша және заңнама өзгермейінше, Қазақстандағы өз терминалдарының жұмысын тоқтатады.
Алайда Төлегеновтің айтуынша, Қазақстанда жеке қажеттіліктері үшін Starlink терминалдарын заңсыз сатып алып, орнатып жатқандар бар.
"Мұндай адамдардың бар екенін айтамын", - деп мойындады ол.
Тиісті органдар оларды анықтау жұмыстарын жүргізуде, деп қосты цифрлық даму министрлігінің өкілі. Заңсыз құрылғыларды пайдаланушыларға осы конфигурацияда құрылғыны пайдалану қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіні түсіндіріледі, бұл шын мәнінде заң бұзушылық болып саналады.
"Пилоттық жоба аясында техникалық жұмыстар аяқталмайынша (елдің 10 мектебінде SpaceX интернетін сынақтан өткізу – Sputnik) және тиісті өзгертулер енгізілмейінше, бұл заңсыз болады", - деп түсіндірді Диас Төлегенов.
Мұндай терминалды заңсыз орнатқандарға 10 айлық есептік көрсеткіш (34 500 теңге немесе 74 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынады.