https://sputnik.kz/20231117/pavlodar-oblysynda-8-zhashik-kiik-muyizi-tabyldy-40242355.html
Павлодар облысында 8 жәшік киік мүйізі табылды
Павлодар облысында 8 жәшік киік мүйізі табылды
Sputnik Қазақстан
Ұсталғандар мемлекетке шамамен 2 млрд теңге залал келтірген 17.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-17T13:59+0500
2023-11-17T13:59+0500
2023-11-17T14:02+0500
заңсыз киік аулау
https://sputnik.kz/img/1200/30/12003059_0:370:961:910_1920x0_80_0_0_7b1bde7bd108875c3fee76502e00d4f1.jpg
АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды, деп хабарлады Polisia.kz.Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражынан киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылған. Жалпы салмағы – 170 кг. Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленді."Осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-1-бөлігі "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Биологиялық және трассологиялық сараптама жасалады. Ұсталғандар мемлекетке шамамен 2 млрд теңге залал келтірген.
https://sputnik.kz/20231114/khalyq-tarapynan-kiik-etine-suranys-asa-zhogary-emes--bqo-akimi-40155712.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1200/30/12003059_0:280:961:1000_1920x0_80_0_0_d056cf4b4e05caab90c68b8e45792059.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
заңсыз киік аулау
Павлодар облысында 8 жәшік киік мүйізі табылды
13:59 17.11.2023 (жаңартылды: 14:02 17.11.2023) Ұсталғандар мемлекетке шамамен 2 млрд теңге залал келтірген
АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражынан киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылған. Жалпы салмағы – 170 кг. Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.
"Осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-1-бөлігі "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.
Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Биологиялық және трассологиялық сараптама жасалады. Ұсталғандар мемлекетке шамамен 2 млрд теңге залал келтірген.