Назарбаев інісінің қазасынан кейін халыққа үндеу жасады

© Sputnik / Абзал КалиевНурсултан Назарбаев на открытии Главной республиканской мечети
Нурсултан Назарбаев на открытии Главной республиканской мечети - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2023
Жазылу
Назарбаев қолдау білдірген барша жанға алғысын айтты
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Қазақстан Республикасының пұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың қазасынан кейін халыққа үндеу жасады.

"Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді. Жақын адамнан айырылу - орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді", - деді Назарбаев.

Ол сондай-ақ көптеген елдің басшыларынан көңіл айту жедел хаттары келіп түскенін айтып, қолдау білдірген барлық жанға алғысын білдірді.
"Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын", - делінген Назарбаевтың үндеуінде.
Еске сала кетейік, 13 қараша күні 71 жасқа қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев дүниеден озды.
Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана бұл ақпаратты растады. Дәрігерлердің айтуынша, Болат Назарбаев 13 қарашада сағат 09.51-де қайтыс болған.
Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы жерлеу рәсіміне қатыспайды, деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Прощание с Болатом Назарбаевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2023
Алматы облысында жұрт Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды
Жаңалықтар
0