Еуразиялық тау курорттарының альянсына Әзербайжанның Шахдаг курорты кіреді

© Photo : Секретариат ЕАГКВ Ташкенте представили планы Евразийского альянса горных курортов
В Ташкенте представили планы Евразийского альянса горных курортов - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2023
Жазылу
Альянс келер жылы Сочиде тау курорттарының ауқымды фестивалін өткізуді жоспарлап отыр
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Өткен жылы "Шымбұлақ", "Роза Хутор" және "Амирсой" басшылары құрған Еуразиялық тау курорттарының альянсында жаңа мүше пайда болды, деп хабарлады ұйымның хатшылығы.
Әзербайжанның ең ірі тау курорты "Шахдаг" Альянстың төртінші мүшесі болды. Меморандумға Альянстың барлық курорттарының өкілдері мен "Шахдаг туристік орталығы" ЖАҚ басқарма төрағасы Рустам Наджафов Ташкентте өткен "Жібек жолындағы туризм" TITF2023 көрмесі аясында қол қойды.
"Одаққа жаңа мүше, Әзербайжанның ең үздік тау курорты "Шахдагтың" кіруі альянс әзірлеп жатқан мемлекетаралық туристік маршрутқа керемет қосымша болады", - деді "Амирсой" шипажайының бас директоры Саидвали Саидходжаев.
Оның айтуынша, альянстың жалпы мақсаты – туризм және қонақжайлылық индустриясының жаңа бағыттарын ашу, сапа мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, туризм мәдениетін жаңа деңгейге шығару.
2023 жылы альянс елдері арасындағы туристік ағынның артуы халықаралық ынтымақтастық табыстың кілті екенін тағы бір дәлелдеді, дейді "Роза Хутор" шипажайы бас директорының халықаралық байланыс және туризм жөніндегі орынбасары Сергей Хворостяный.
"Еуразиялық альянс алдағы онжылдықта және ұзақ мерзімді келешекте құрлықта тау туризмін тұрақты дамытуға арналған стратегиялық мүмкіндіктер қлыптастырады" - деді ол.
Көрмеде альянс алғаш рет үш демалыс орнындағы алдағы жылға арналған спорттық, мәдени және ойын-сауық шараларының ортақ күнтізбесін ұсынды. Олардың қатарында келер жылдың наурыз айында Сочиде өтетін тау курорттарының ауқымды фестивалі де бар.
Оның бағдарламасына Альянстың үздік нұсқаушыларының тау шаңғысы мен сноуборд бойынша тегін шеберлік сабақтары, гастро-фестиваль және фольклорлық бағдарлама, тау курорттарының қызметкерлеріне арналған оқу модулі, курорттық қызметтің өзекті аспектілері бойынша кәсіби пікірталас, атап айтқанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризмді дамыту бойынша дөңгелек үстел кіреді, деп түсіндірді альянстағылар.
Курорт өкілдері мемлекетаралық туристік бағытты әзірлеу, үш шипажайда бірыңғай ски-пас енгізу мүмкіндігі, сондай-ақ Еуразиялық тау курорттарының альянсының Корпоративтік университетінде тау курорттары үшін кадрларды бірлесіп оқыту туралы айтты.
Альянс хатшысы Андрей Кукушкин қазіргі уақытта Еуразиялық тау курорттарының альянсын заңды тұлға ретінде тіркеу процесіне дайындық жүріп жатқанын, ол ерікті қоғамдық бірлестік болатынын айтты. Ұйымның хатшылығы Алматы қаласында орналасады.
Жаңалықтар
0