https://sputnik.kz/20231117/eaeo-zhasyl-ekonomika-qagidattaryn-engizu-tuzhyrymdamasyn-qabyldady-40253145.html
ЕАЭО жасыл экономика қағидаттарын енгізу тұжырымдамасын қабылдады
ЕАЭО жасыл экономика қағидаттарын енгізу тұжырымдамасын қабылдады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 14 қарашадағы отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа жасыл экономика қағидаттарын... 17.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-17T19:37+0500
2023-11-17T19:37+0500
2023-11-17T19:37+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379629_0:61:1400:849_1920x0_80_0_0_4adb35cf617af745e47ce0ada7d2d2a2.jpg
АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 14 қарашадағы отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа жасыл экономика қағидаттарын енгізу тұжырымдамасы бойынша ұсыным қабылдады. Бұл туралы ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев мәлімдеді, деп хабарлады одақтың ресми сайты.Құжат ЕАЭО-дағы жасыл экономиканың төрт қағидатын айқындайды: жасыл жобаларды жүзеге асырудағы ашықтық пен кооперациялық тартымдылық, одаққа мүше мемлекеттер арасындағы климаттық реттеудің ұлттық жүйелерінің тәжірибелерімен алмасу, экономикалық тиімділік, экономикалық өсу мен қоршаған ортаға антропогендік әсері арасындағы алшақтықты арттыру."ЕАЭО деңгейінде алғаш рет дайындалған тұжырымдама жобаларды жасыл санатқа жатқызудың халықаралық мойындалған талаптарының жиынтығын белгілейді. Бұл талаптарды пайдалану одақтың әрбір мемлекетіне бір жағынан қоршаған орта мен климатты қорғау, екінші жағынан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу арасындағы қажетті тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Сергей Глазьев.Жасыл экономиканы дамытуда жалпыеуразиялық тәсілдерді қолдану ұлттық экологиялық реттеу жүйелерін өзара тану және ЕАЭО мемлекеттері арасында ғана емес, сонымен қатар осы қағидаттарды қолдайтын Одақтың сыртқы серіктестермен де климаттық кедергілерді қолданбау үшін жағдай жасайды."Жасыл түрлендірудің келісілген тәсілдері ең маңызды, бірақ сонымен қатар алдағы жұмыстың бірінші кезеңі ғана болып табылады", - деді Сергей Глазьев.ЕАЭО елдеріне жасыл экономикаға көшу жөніндегі шараларды әзірлеу кезінде тұжырымдаманы ескеру ұсынылады. Құжат ЕЭК-тің ресми сайтында жарияланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379629_94:0:1306:909_1920x0_80_0_0_b5f210999a729a0779cdcac807f8100e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 14 қарашадағы отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа жасыл экономика қағидаттарын енгізу тұжырымдамасы бойынша ұсыным қабылдады. Бұл туралы ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев мәлімдеді, деп хабарлады одақтың ресми сайты.
Құжат ЕАЭО-дағы жасыл экономиканың төрт қағидатын айқындайды: жасыл жобаларды жүзеге асырудағы ашықтық пен кооперациялық тартымдылық, одаққа мүше мемлекеттер арасындағы климаттық реттеудің ұлттық жүйелерінің тәжірибелерімен алмасу, экономикалық тиімділік, экономикалық өсу мен қоршаған ортаға антропогендік әсері арасындағы алшақтықты арттыру.
"ЕАЭО деңгейінде алғаш рет дайындалған тұжырымдама жобаларды жасыл санатқа жатқызудың халықаралық мойындалған талаптарының жиынтығын белгілейді. Бұл талаптарды пайдалану одақтың әрбір мемлекетіне бір жағынан қоршаған орта мен климатты қорғау, екінші жағынан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу арасындағы қажетті тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Сергей Глазьев.
Жасыл экономиканы дамытуда жалпыеуразиялық тәсілдерді қолдану ұлттық экологиялық реттеу жүйелерін өзара тану және ЕАЭО мемлекеттері арасында ғана емес, сонымен қатар осы қағидаттарды қолдайтын Одақтың сыртқы серіктестермен де климаттық кедергілерді қолданбау үшін жағдай жасайды.
"Жасыл түрлендірудің келісілген тәсілдері ең маңызды, бірақ сонымен қатар алдағы жұмыстың бірінші кезеңі ғана болып табылады", - деді Сергей Глазьев.
ЕАЭО елдеріне жасыл экономикаға көшу жөніндегі шараларды әзірлеу кезінде тұжырымдаманы ескеру ұсынылады. Құжат ЕЭК-тің ресми сайтында жарияланды.