Астанада "Құжаттама терминалы" жобасының ауқымы кеңейтілді

© Sputnik / Болат ШайхиновҚұжат
Құжат - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2023
Жазылу
Жыл соңына дейін Астана қаласының барлық халыққа қызмет көрсету орталығы төлқұжат пен жеке куәлікке өз бетінше өтінім беруге арналған терминалмен қамтамасыз етіледі
АЛМАТЫ, 17 қарашап – Sputnik. Астананың бес халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттама терминалы орнатылды, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.
Бұған дейін елордадағы Керей Жәнібек хандар көшесі, 4 мекенжайындағы ХҚКО-да мемлекеттік корпорацияның инновациялық жобасы таныстырылған болатын. Астана қаласының бес қызмет көрсету орталығында төлқұжат пен жеке куәлікке өз бетінше өтінім беруге арналған тағы жеті терминал орнатылды.
"Жоба іске қосылғаннан бері 10 мыңнан астам өтініш түскен. Жоба қызмет алушылар арасында сұранысқа ие болғандықтан, біз оның қолдану аясын кеңейтуді жөн көрдік. Айтпақшы, терминалды әзірлеу кезінде барлық тәуекел ескерілді, ақпараттық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау қамтамасыз етілді", - деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Астана қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында төлқұжат пен жеке куәлікті дайындау терминалы арқылы мына мекенжайлар бойынша өтініш беруге болады:
Керей, Жәнібек хандар көшесі, 4;
Мәңгілік ел даңғылы, 30;
Республика даңғылы, 43;
Тәуелсіздік даңғылы, 16/1;
Иманов көшесі, 20;
Е.Серкебаев көшесі, 13.
Сонымен қатар жыл соңына дейін Сәтбаев көшесі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО-да да аталмыш терминал іске қосылады. Осылайша, Астана қаласының барлық халыққа қызмет көрсету орталығы терминалмен қамтамасыз етіледі.
Айта кетері, өтінішті терминал арқылы жіберген кезде жүйе клиентті суретке түсірген соң ең жақсы фотосуретті таңдауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін QR кодты пайдаланып мемлекеттік бажды төлеу керек. Жеңілдік берілген санаттағы азаматтар баж төлеуден босатылады.
Жаңалықтар
0