https://sputnik.kz/20231117/50-mln-tengeni-bopsalagan-blogerler-ustaldy-40251599.html
50 млн теңгені бопсалаған блогерлер ұсталды
50 млн теңгені бопсалаған блогерлер ұсталды
Sputnik Қазақстан
Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді 17.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-17T16:46+0500
2023-11-17T16:46+0500
2023-11-17T16:46+0500
алаяқ
петропавл
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:359:2273:1638_1920x0_80_0_0_9ff3ef3872f66b7a250e89d3a41695c2.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Петропавл қаласында сауда желісінің басшылығынан ақша бопсалаған блогерлер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы сауда желілерінің директоры жазған арыздан кейін арнайы операция өткізді. Сол кезде кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалаған қаланың екі тұрғыны ұсталды. 33 және 34 жастағы екі жігіт әлеуметтік желілерде тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған ресурстардың авторлары ретінде тіркелген. Бірақ аудиториясы көп емес. YouTube арнасына бірнеше мың адам жазылған. Басым бөлігі – Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.Күдіктілер мемлекеттік органдарға шағым түсіруді де ұмытпады. Соның негізінде жоспардан тыс тексерістер болды. Ал қыркүйек айының басында сауда желісінің өңірлік директорынан 50 млн теңгені талап еткен. Осы ақшаның 10 процентін алып жатқан жерінде ұсталды.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 194-бабы, 2-бөлігінің 2-тармағы (Қорқытып алу, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Айта кетері, осы қылмыс үшін үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.
https://sputnik.kz/20230925/kokshetauda-alayaq-zhalgyzbasty-ananyn-18-mln-tengesin-iemdenip-aldy-38728974.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:287:2273:1992_1920x0_80_0_0_42a1875d27f2dcde87e76f821fdcb7e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, петропавл
50 млн теңгені бопсалаған блогерлер ұсталды
Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Петропавл қаласында сауда желісінің басшылығынан ақша бопсалаған блогерлер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы сауда желілерінің директоры жазған арыздан кейін арнайы операция өткізді. Сол кезде кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалаған қаланың екі тұрғыны ұсталды. 33 және 34 жастағы екі жігіт әлеуметтік желілерде тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған ресурстардың авторлары ретінде тіркелген. Бірақ аудиториясы көп емес. YouTube арнасына бірнеше мың адам жазылған. Басым бөлігі – Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.
"Ұсталғандар былтырдан бері тұтынушылардың құқықтарын қорғаймыз деп, Петропавлдың сауда орындарына рейдтер де жасаған. Арандатушылық сипатындағы бейнероликтер түсірген. Полициямен де жанжалдасып, бәрін желіде салып жүрген. Ал арандатушылық пен жанжалдар кезінде мерзімі өткен өнімді сату фактісін желеу етті. Алайда кей кезде шоколад, сусындар сияқты тауарлардың ақшасын төлемей, өздерімен бірге алып кетіп отырған", - дейді полицейлер.
Күдіктілер мемлекеттік органдарға шағым түсіруді де ұмытпады. Соның негізінде жоспардан тыс тексерістер болды. Ал қыркүйек айының басында сауда желісінің өңірлік директорынан 50 млн теңгені талап еткен. Осы ақшаның 10 процентін алып жатқан жерінде ұсталды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 194-бабы, 2-бөлігінің 2-тармағы (Қорқытып алу, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.