400 мыңнан астам оқушы ақындар айтысына қатысты

© Photo : otyrar.kzДомбыра
Домбыра - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2023
Жазылу
"Ақындар айтысы" байқауы осындай кең ауқымда республика бойынша алғаш рет өткізіліп отыр
АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. "Төрт тоқсан - Төрт өнер" ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде "Ақындар айтысы" байқауы өтті, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Жас айтыскерлердің сайыстарында 400 мыңнан астам оқушы сөздің өткірлігі, афоризмдер мен теңеулердің әсемдігі, ой мен қиялдың ұшқырлығы бойынша бақ сынасты. Олар өз өлеңдерін достық пен бейбітшілікке, бірлік пен келісімге, ана тілінің құндылығына арнады.
"Ақындар айтысы" байқауы осындай кең ауқымда республика бойынша алғаш рет өткізіліп отыр, бұл шара барлық білім беру ұйымын біріктіріп қана қоймай, білім алушылардың бойында еліміздің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырады, ақындардың дәстүрлерін жалғастырады",- деп бөлісті Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.
Айта кетері, ауқымды іс-шарада оқушылар "Бәдік", "Жар-жар", "Жұмбақ айтысы", "Қыз бен жігіт айтысы", сондай-ақ "Жануар мен адамның айтысы" мәнерінде сайысып, нағыз поэтикалық ортаны қалыптастыра алды.
Жаңалықтар
0