ҰҚШҰ елдері үшін Ауғанстан тарапынан ешқандай әскери қауіп жоқ – біріккен штаб басшысы

© Sputnik / Виталий БелоусовВ мультимедийном пресс-центре "Sputnik Казахстан" проходит видеомост Москва - Минск - Ереван - Бишкек - Астана - Ташкент с участием начальника Объединенного штаба ОДКБ, генерал-полковника Анатолия Сидорова
В мультимедийном пресс-центре Sputnik Казахстан проходит видеомост Москва - Минск - Ереван - Бишкек - Астана - Ташкент с участием начальника Объединенного штаба ОДКБ, генерал-полковника Анатолия Сидорова - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2023
Жазылу
Бұл тақырып күн тәртібінен түсетін кез келеді
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Мәскеу – Минск – Ереван – Бішкек – Астана бейнекөпірі барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы біріккен штабының басшысы генерал-полковник Анатолий Сидоров ҰҚШҰ қызметі және ұйымға мүше елдерге төнетін негізгі қауіптер туралы айтты.

Қазіргі уақытта Ауғанстан тарапынан ешқандай әскери қауіп жоқ

"Ауғанстанға келетін болсақ, бүгінде Ауғанстан аумағынан шығатын әскери қауіп-қатер бойынша тікелей проблемалар жоқ. Сонымен бірге, біз Ауғанстанның қазіргі билігінің мемлекет аумағындағы, оның ішінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағымен шектесетін солтүстік аймақтардағы жағдайды әлі толық бақылай алмайтынын түсінеміз", - деді біріккен штаб басшысы.
Оның айтуынша, террористік қауіптен басқа, Ауғанстаннан келетін айтарлықтай күшті есірткі тасымалы бар. Бірақ бұл мәселелер өз шешімін тауып жатыр. Ендеше бұл тақырыптың да күн тәртібінен шығарылатын кезі келеді, дейді генерал-полковник.
Сондай-ақ ол ҰҚШҰ елдеріне төнетін басқа да қауіптер туралы айтты.

ҰҚШҰ елдеріне төнетін басқа қауіптер туралы

"Әрине, қауіп көп. Бұл шекарада ондаған дивизиялар шоғырланып, барлығы әскери шабуылдардың басталуын күтіп отыратын бұрынғыдай сипатта емес. Енді қауіптер биологиялық, ақпараттық немесе экономикалық сипатта болуы мүмкін", - деді спикер.
Оның айтуынша, сондықтан бұл қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы тұру үшін барлық шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, бұл әскери қауіптердің алдын алу бойынша оқу-жаттығулар өткізу.

ҰҚШҰ-ның 2024 жылға арналған оқу-жаттығулары Орталық Азия аймағына бағытталған

"2024 жылға арналған жоспарда ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия аймағына баса назар аударылады. Атап айтқанда, Қырғызстанда біз ҰҚШҰ ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен, Қазақстанда бітімгершілік күштерімен және Тәжікстанда Орталық Азия аймағының ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен жаттығуларды жоспарлап отырмыз", - деді Анатолий Сидоров.
Оқу-жаттығуларды өткізу уақыты мен дайындық алаңдарына қатысты нақты мәліметтер осы жылдың желтоқсан айында белгілі болады.

ҰҚШҰ ұжымдық жедел әрекет ету күштері жақсы қаруланады

"Қазіргі таңда Орталық Азия өңірінің ұжымдық жедел әрекет ететін күштерін жарақтандыруға ұсынылатын қару-жарақтардың, әскери және арнайы техникалардың заманауи стандартты тізбесінің жобасы әзірленді және мемлекетішілік деңгейде мақұлданды", - деді генерал-полковник.

Дайындық та жоғары

ҰҚШҰ-ға мүше елдердің қарулы күштері үшін әскери кадрларды оқыту және даярлау жүзеге асырылады.
"Жыл сайын 2600-ге жуық әскери қызметкер бірлескен оқыту жүйесінде оқытылады. 2003 жылдан бері ұйымға мүше мемлекеттердегі ЖОО-да, оның ішінде іргелі оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу ұйымдарында барлығы 24 мыңға жуық әскери қызметкер мемлекеттердің қарулы күштерінің мүдделері үшін оқытылды", - деді Сидоров.
Оның айтуынша, ҰҚШҰ елдері үшін соғыс жүргізудің жаңа әдістері мен нысандарын, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерінің пайда болуын ескере отырып, жоғары білікті әскери кадрларды даярлау жалғасады.

Арменияның ҰҚШҰ-дан шығу ықтималдылығы туралы

Спикер Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы мүмкін бе деген сұраққа да жауап берді.
"Арменияның 2023 жылы өткізілген бірлескен іс-шараларға қатысуы біршама шектеулі болды. Өйткені мемлекеттегі жағдай әртүрлі болуы мүмкін. Бұл жерде шешімді біз талқыламаймыз. Сонымен бірге олар заң шығарушылық қызметке, ұйымның құжаттарын қарастыру және тұрақты жұмыс істейтін органдардың қызметін қаржыландыру мәселелеріне қатысады. Сондықтан процесс жүріп жатыр", - деді бірлескен штаб басшысы.
Ол ҰҚШҰ-да Кавказ аймағына деген қызығушылық жоғалмайтынын айтты.
Жаңалықтар
0