https://sputnik.kz/20231116/shymkent-munay-ondeu-zauyty-suyytylgan-gazdy-shtattyq-rezhimde-zhoneltip-zhatyr-40229863.html
Шымкент мұнай өңдеу зауыты сұйытылған газды штаттық режимде жөнелтіп жатыр
Шымкент мұнай өңдеу зауыты сұйытылған газды штаттық режимде жөнелтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Шымкент қаласы бойынша қарашада зауыт 7,5 мың тонна сұйытылған мұнай газы жөнелтуді жоспарлаған 16.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-16T20:20+0500
2023-11-16T20:20+0500
2023-11-16T20:22+0500
шымкент
мұнай өңдеу зауыты
https://sputnik.kz/img/old/266/17/2661773_0:306:3579:2319_1920x0_80_0_0_2f56b4160cba51e5c3166f7e8ba7a87a.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазір Шымкент мұнай өңдеу зауытында сұйытылған мұнай газын өндіру және жөнелту Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес тұрақты жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.Шымкент МӨЗ Шымкент қаласынан басқа, еліміздің басқа оңтүстік өңірлеріне (Алматы қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстары) тиеп жөнелтуді іске асырады. Қазанда 25,3 мың тонна өндірістің жиынтық жоспары кезінде кәсіпорын 31,5 мың тонна сұйытылған газ жөнелтті. Биыл қарашаның 15 күнінде жоспарлы көрсеткіш 15,8 мың тонна болған кезде тұтынушыларға 16,4 мың тонна (бұған дейін жинақталған қалдықтардан 587 тоннаны қосқанда) жіберілді.Сұйытылған мұнай газы орташа тәуліктік өндірісі қазанда 1 мың 42 тонна, тиеп жөнелту 1019 тоннаны болды. Бұл тәулігіне 29-30 вагон-цистернаға сәйкес келеді. Қарашаның 15 күнінің қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1 мың 102 тоннаға жетті, ал тиеп-жөнелту – 1097 тонна (29-30 вагон-цистерна).Шымкент қаласы бойынша қарашада зауыт 7,5 мың тонна сұйытылған мұнай газы жөнелтуді жоспарлаған. 15 күннің қорытындысы бойынша 3,8 мың тонна (жоспардың 50%) жөнелтілді. Жоспарлы орташа тәуліктік тиеп-жөнелту шамамен 7 вагон-цистерна болды.Жалпы алғанда, газды жөнелту Шымкент МӨЗ резервуарларында өнімнің жинақталуына және паспортталуына, сондай-ақ тұтынушылардан өтінімдердің келуіне қарай іске асырылады. Мұндай тәжірибе дәстүрлі болып есептеледі және оны тек отандық зауыттар ғана емес, бүкіл әлемдегі МӨЗ де қолданады.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/266/17/2661773_40:0:3540:2625_1920x0_80_0_0_2919e09fac21a9840a31cc2c58a1d35e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, мұнай өңдеу зауыты
шымкент, мұнай өңдеу зауыты
Шымкент мұнай өңдеу зауыты сұйытылған газды штаттық режимде жөнелтіп жатыр
20:20 16.11.2023 (жаңартылды: 20:22 16.11.2023) Шымкент қаласы бойынша қарашада зауыт 7,5 мың тонна сұйытылған мұнай газы жөнелтуді жоспарлаған
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазір Шымкент мұнай өңдеу зауытында сұйытылған мұнай газын өндіру және жөнелту Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес тұрақты жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Шымкент МӨЗ Шымкент қаласынан басқа, еліміздің басқа оңтүстік өңірлеріне (Алматы қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстары) тиеп жөнелтуді іске асырады. Қазанда 25,3 мың тонна өндірістің жиынтық жоспары кезінде кәсіпорын 31,5 мың тонна сұйытылған газ жөнелтті. Биыл қарашаның 15 күнінде жоспарлы көрсеткіш 15,8 мың тонна болған кезде тұтынушыларға 16,4 мың тонна (бұған дейін жинақталған қалдықтардан 587 тоннаны қосқанда) жіберілді.
Сұйытылған мұнай газы орташа тәуліктік өндірісі қазанда 1 мың 42 тонна, тиеп жөнелту 1019 тоннаны болды. Бұл тәулігіне 29-30 вагон-цистернаға сәйкес келеді. Қарашаның 15 күнінің қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1 мың 102 тоннаға жетті, ал тиеп-жөнелту – 1097 тонна (29-30 вагон-цистерна).
Шымкент қаласы бойынша қарашада зауыт 7,5 мың тонна сұйытылған мұнай газы жөнелтуді жоспарлаған. 15 күннің қорытындысы бойынша 3,8 мың тонна (жоспардың 50%) жөнелтілді. Жоспарлы орташа тәуліктік тиеп-жөнелту шамамен 7 вагон-цистерна болды.
Жалпы алғанда, газды жөнелту Шымкент МӨЗ резервуарларында өнімнің жинақталуына және паспортталуына, сондай-ақ тұтынушылардан өтінімдердің келуіне қарай іске асырылады. Мұндай тәжірибе дәстүрлі болып есептеледі және оны тек отандық зауыттар ғана емес, бүкіл әлемдегі МӨЗ де қолданады.