https://sputnik.kz/20231116/senator-kharassment-zhii-zhasalatyn-zherlerdi-atady-40208682.html
Сенатор харассмент жиі жасалатын жерлерді атады
Сенатор харассмент жиі жасалатын жерлерді атады
Sputnik Қазақстан
Респонденттердің жартысынан астамы Қазақстанда жұмыс орнында харассмент пен зорлықтың бар екенін растаған 16.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-16T12:22+0500
2023-11-16T12:22+0500
2023-11-16T12:22+0500
дархан қыдырәлі
қол жүгірту
https://sputnik.kz/img/07e6/09/03/27248588_0:0:1762:992_1920x0_80_0_0_de66b40a18dee331ee497490ca3d5ea9.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Сенатор Дархан Қыдырәлі үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, әйелдерді харассменттен қорғау шараларын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қыдырәлінің айтуынша, бүгінде әдепсіз әрекеттер әдетке айналып барады. Ал кейбір адамдар өзгерлерге түрлі деңгейде тиісу, дөрекілік таныту, зәбір көрсету мен қысым жасауды қалыпты жайт ретінде қабылдайды. Қылмыстың кез келген түрін ақтауға болмайды, озбырлық түбі – ойран. Сондықтан заң бұзушылыққа мүлдем төзбеу және зорлық-зомбылыққа ымырасыз болу мәдениетін барынша дамыту қажет.Осылайша, зерттеу тұрақты жұмыс орны мен корпоративті шараларда харассмент жиі болатынын көрсетті."Адамдардың көп уақыты жұмыс орнында өтетінін ескерсек, бұл алаңдарлық жайт. Елімізде харассменттің алдын алу бойынша арнайы заңның болмауы да үлкен мәселе. Жазаланбай жеңіл құтылатынын білетіндер түрлі жүгенсіздікке барады, қылмысты қымсынбай жасайды. Сондықтан заңнамасы күшейту керек",- деп атап көрсетті сенатор.Айта кетері, харассмент – белгілі бір тұлғаға физикалық, ментальді және эмоциялық қысым көрсету әрекеті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/03/27248588_194:0:1762:1176_1920x0_80_0_0_d982ab135e5e05a772e216ad1417ed6d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дархан қыдырәлі, қол жүгірту
дархан қыдырәлі, қол жүгірту
Сенатор харассмент жиі жасалатын жерлерді атады
Респонденттердің жартысынан астамы Қазақстанда жұмыс орнында харассмент пен зорлықтың бар екенін растаған
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Сенатор Дархан Қыдырәлі үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, әйелдерді харассменттен қорғау шараларын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қыдырәлінің айтуынша, бүгінде әдепсіз әрекеттер әдетке айналып барады. Ал кейбір адамдар өзгерлерге түрлі деңгейде тиісу, дөрекілік таныту, зәбір көрсету мен қысым жасауды қалыпты жайт ретінде қабылдайды. Қылмыстың кез келген түрін ақтауға болмайды, озбырлық түбі – ойран. Сондықтан заң бұзушылыққа мүлдем төзбеу және зорлық-зомбылыққа ымырасыз болу мәдениетін барынша дамыту қажет.
"Бұл бағытта түсіндіру жұмыстарын тұрақты өткізу, үлкен ұжымдарда жауапты арнайы қызметті бекіту керек деп ойлаймыз. Себебі зерттеулер көрсеткендей, жұмыс орнында харассмент мәселесі де өзекті. Респонденттердің жартысынан астамы Қазақстанда жұмыс орнында харассмент пен зорлықтың бар екенін растаған. Ал харассментке ұшырағандардың 57,6 проценті бұл фактілердің бірнеше рет орын алғанын атап өткен", - деді Қыдырәлі сенаттың бүгінгі отырысында.
Осылайша, зерттеу тұрақты жұмыс орны мен корпоративті шараларда харассмент жиі болатынын көрсетті.
"Адамдардың көп уақыты жұмыс орнында өтетінін ескерсек, бұл алаңдарлық жайт. Елімізде харассменттің алдын алу бойынша арнайы заңның болмауы да үлкен мәселе. Жазаланбай жеңіл құтылатынын білетіндер түрлі жүгенсіздікке барады, қылмысты қымсынбай жасайды. Сондықтан заңнамасы күшейту керек",- деп атап көрсетті сенатор.
Айта кетері, харассмент – белгілі бір тұлғаға физикалық, ментальді және эмоциялық қысым көрсету әрекеті.