https://sputnik.kz/20231116/saltanat-nukenovanyn-olimi-sot-saraptamasynyn-natizhesi-shygatyn-uaqyt-zhariyalandy-40205993.html
Салтанат Нүкенованың өлімі: сот сараптамасының нәтижесі қашан шығады
Салтанат Нүкенованың өлімі: сот сараптамасының нәтижесі қашан шығады
Sputnik Қазақстан
Сот сараптамасы нәтижесінде Салтанат Нүкенованың қайтыс болған уақыты да анықталады 16.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-16T10:13+0500
2023-11-16T10:13+0500
2023-11-16T11:10+0500
қылмыс
тұрмыстық жанжал
қуандық бишімбаев
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0a/40082463_0:0:1120:630_1920x0_80_0_0_881f136fce5fdc6e80c20c6f0e4bff2b.jpg
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Бишімбаевтың ісі бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қожаев алдымен осы қылмыстық іс бойынша тергеушілер не себепті ауысып жатқанын түсіндірді. Оның айтуынша, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бір айдан кейін шығуы керек. “Әдетте сот-медициналық сараптама бір ай жасалады”, - деп атап көрсетті Қожаев.Сот-сараптамасы кезінде Салтанат Нүкенованың қайтыс болған уақыты да анықталады.
https://sputnik.kz/20231115/zan-barine-birdey-toqaev-bishimbaevtyn-isin-erekshe-baqylauga-aludy-tapsyrdy-40177929.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0a/40082463_15:0:855:630_1920x0_80_0_0_a4edeedbc108c713e14a0623b50091b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, тұрмыстық жанжал, қуандық бишімбаев
қылмыс, тұрмыстық жанжал, қуандық бишімбаев
Салтанат Нүкенованың өлімі: сот сараптамасының нәтижесі қашан шығады
10:13 16.11.2023 (жаңартылды: 11:10 16.11.2023) Сот сараптамасы нәтижесінде Салтанат Нүкенованың қайтыс болған уақыты да анықталады
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Бишімбаевтың ісі бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қожаев алдымен осы қылмыстық іс бойынша тергеушілер не себепті ауысып жатқанын түсіндірді.
“Бірінші күні оқиға орнына арнайы тергеу тобы шығады, олар кезекші топ. Ал ертеңгі күні алдын ала тергеу басқа маманға тапсырылады. Ол адамның қасында тағы бірнеше тергеуші болады. Бір тергеуші емес, топ болып тергеуі мүмкін. Тергеушілердің ауысуына қатысты әңгімелер осыдан тарап жатқан шығар”, - деді Қожаев журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бір айдан кейін шығуы керек.
“Әдетте сот-медициналық сараптама бір ай жасалады”, - деп атап көрсетті Қожаев.
Сот-сараптамасы кезінде Салтанат Нүкенованың қайтыс болған уақыты да анықталады.