Әлем

Қытай басшысы АҚШ-пен қарым-қатынас туралы айтты

© AP Photo / Doug MillsВстреча Джо Байдена и Си Цзиньпина на полях саммита АТЭС
Встреча Джо Байдена и Си Цзиньпина на полях саммита АТЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2023
Жазылу
Қытай мен АҚШ көшбасшылары АТЭЫ саммиті аясында ресми кездесу өткізді
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Си Цзиньпин Джо Байденмен келіссөз барысында Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас құрылатын бес қағиданы атады, деп хабарлайды РИА Новости Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.
Азия-Тынық мұхиты экономкалық ынтымақтастығы аясында Сан-Францискода АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин арасында келіссөз өтті. Қытай Халық Республикасының басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастың бес тұғырын атады.
Қытай басшысы бірінші тұғыр ретінде бірін-бірі дұрыс қабылдауды бірлесіп қалыптастыруды атады. Си Цзиньпин Қытай әрқашан тұрақты, салауатты және тұрақты Қытай мен АҚШ қарым-қатынасын құруды ұстанғанын атап өтті. Сонымен бірге Қытайдың қорғауды қажет ететін мүдделері мен ұстанымдары бар.
"Біз екі ел серіктес бола алады, бір-бірін құрметтейді және бейбітшілікте қатар өмір сүреді деп үміттенеміз", - деп келтірді Қытайдың орталық телеарнасы Қытай басшысының сөзін.
Си Цзиньпин екінші тұғыр қайшылықтарды тиімді жеңу деп санайды. Бейжің мен Вашингтон туындаған келіспеушіліктер екі ел арасында шыңырау қалыптасуына жол бермей, керісінше, көпір салудың жолдарын тауып, бір-біріне қарай ілгерілеуге ұмтылуы керек деп сендірді.
Қытай басшысының айтуынша, үшінші тұғыр өзара тиімді ынтымақтастықты бірлесіп ілгерілету. Си Цзиньпин әртүрлі салаларда кең ауқымды ортақ мүдделері бар АҚШ пен Қытай ынтымақтастықты дамыту үшін дипломатия, экономика, қаржы және сауда салаларындағы қолданыстағы тетіктерді толық пайдалануы керектігін баса айтты.
Төртінші – ірі державалардың ортақ жауапкершілігі. Қытай Халық Республикасы басшысының айтуынша, адамзат алдында тұрған мәселелерді ірі елдердің ынтымағынсыз шешу мүмкін емес.
"Қытай мен АҚШ үлгі көрсетіп, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша үйлестіру мен ынтымақтастықты нығайтып, әлемге қоғамдық игіліктерді көбірек ұсынуы керек",- деді ол.
Бесіншісі – гуманитарлық алмасуларды бірлесіп ілгерілету. Си Цзиньпиннің айтуынша, екі ел халықтарының байланысын кеңейтуді ынталандыру және қолдау, туризм, білім, мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, елдер арасындағы әуе рейстерін арттыру маңызды.
АҚШ пен Қытайдың екіжақты қарым-қатынасындағы шиеленістің артуына қарамастан, Си Цзиньпин соңғы айларда Қытай мен АҚШ арасындағы "салауатты және тұрақты" қарым-қатынастың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Қытай мен АҚШ мүдделері "бір-бірімен тығыз байланысты" және адамзаттың болашағы мен тағдыры осы елдердің бейбітшілікте қатар өмір сүру жолын таба алатынына байланысты болады, дейді Си Цзиньпин.
Жаңалықтар
0