https://sputnik.kz/20231116/qazaqstanda-otandyq-tauar-ondirushilerdin-biryngay-tizilimi-payda-bolady-40220496.html
Қазақстанда отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі пайда болады
Қазақстанда отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі пайда болады
Sputnik Қазақстан
Ол тауардың Қазақстанда өндірілгенін куәландыратын сертификаттарды (СТ-KZ) және индустриалдық сертификаттарды алмастырады 16.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-16T16:26+0500
2023-11-16T16:26+0500
2023-11-16T16:26+0500
үкімет
әлихан смайылов
"атамекен" ұкп
https://sputnik.kz/img/07e7/08/02/37234798_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_193bb3e55434967b749fdaa89531072f.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстандық өндіруші мәртебесін растайтын индустриалдық сертификат пен CT-KZ сертификатының орнына Қазақстанда отандық өнім өндірушілердің бірыңғай тізілімі пайда болады. Бұл туралы Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Ол ақпараттың онлайн режимінде қолжетімді болатынын айтты. Кез келген қызығушылық танытқан пайдаланушы өзіне ыңғайлы уақытта жүйеге кіріп, тізілімді көре алады.Сондай-ақ Смайылов қазақстандық бизнес бұған дейін де бірқатар ұсыныстар айтқанын, олардың көпшілігі қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқанын айтты. Атап айтқанда, бұл отандық өндірушілердің жер қойнауын пайдаланушылармен және басқа да ірі компаниялармен жасасқан оффтейк-келісімшарттарын несиелер мен инвестицияларды тарту кепілі ретінде тануға қатысты."Біз бұл мәселені қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен пысықтадық. Тиісті нормативтік шешім қабылданып, квазимемлекеттік компаниялармен, халықаралық BB-рейтингтері бар компаниялармен және жүйе түзуші ірі кәсіпорындармен оффтейк-келісімшарттар кредит бойынша сенімді кепіл деп қарастырылды. Бұл істің қалай жүретінін көрейік. Кепілдің мұндай түрін қолдану аясын одан әрі кеңейтеміз", - деді Әлихан Смайылов.Оның айтуынша, стандартталмаған тауарларды биржалардағы саудадан толығымен алып тастау туралы да шешім қабылданған. Бұл шешімнің қашан және қалай күшіне енетіні туралы ақпарат кейінірек БАҚ-та жарияланады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/02/37234798_255:0:2986:2048_1920x0_80_0_0_fe002478563a36bf788c219fa4f10c87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, әлихан смайылов, "атамекен" ұкп
үкімет, әлихан смайылов, "атамекен" ұкп
Қазақстанда отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі пайда болады
Ол тауардың Қазақстанда өндірілгенін куәландыратын сертификаттарды (СТ-KZ) және индустриалдық сертификаттарды алмастырады
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстандық өндіруші мәртебесін растайтын индустриалдық сертификат пен CT-KZ сертификатының орнына Қазақстанда отандық өнім өндірушілердің бірыңғай тізілімі пайда болады. Бұл туралы Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
"Біз "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп отандық өнім өндірушілердің бірыңғай тізілімін құру туралы шешім қабылдадық. Ешқандай сертификат алудың қажеті жоқ. Бұл тізілімде өндірушілер мен олар өндіретін тауарлар туралы ақпарат онлайн түрде болады", - деді премьер-министр Астанада өтіп жатқан "Қазақстандық үлес 2.0" халықаралық форумында сөйлеген сөзінде.
Ол ақпараттың онлайн режимінде қолжетімді болатынын айтты. Кез келген қызығушылық танытқан пайдаланушы өзіне ыңғайлы уақытта жүйеге кіріп, тізілімді көре алады.
Сондай-ақ Смайылов қазақстандық бизнес бұған дейін де бірқатар ұсыныстар айтқанын, олардың көпшілігі қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқанын айтты. Атап айтқанда, бұл отандық өндірушілердің жер қойнауын пайдаланушылармен және басқа да ірі компаниялармен жасасқан оффтейк-келісімшарттарын несиелер мен инвестицияларды тарту кепілі ретінде тануға қатысты.
"Біз бұл мәселені қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен пысықтадық. Тиісті нормативтік шешім қабылданып, квазимемлекеттік компаниялармен, халықаралық BB-рейтингтері бар компаниялармен және жүйе түзуші ірі кәсіпорындармен оффтейк-келісімшарттар кредит бойынша сенімді кепіл деп қарастырылды. Бұл істің қалай жүретінін көрейік. Кепілдің мұндай түрін қолдану аясын одан әрі кеңейтеміз", - деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, стандартталмаған тауарларды биржалардағы саудадан толығымен алып тастау туралы да шешім қабылданған. Бұл шешімнің қашан және қалай күшіне енетіні туралы ақпарат кейінірек БАҚ-та жарияланады.