https://sputnik.kz/20231116/qazaqstanda-koktaygaqqa-qarsy-zhana-material-shyqty-40216399.html
Ғалымдар көктайғаққа қарсы жаңа материал ойлап тапты
Ғалымдар көктайғаққа қарсы жаңа материал ойлап тапты
Sputnik Қазақстан
Инновациялық өнертабыстың тұсаукесері Астанадағы Kaztraffic-2023 көрмесінде өтті 16.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-16T14:44+0500
2023-11-16T14:44+0500
2023-11-16T14:48+0500
көктайғақ
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32381324_0:96:1024:672_1920x0_80_0_0_d1260f514dbb579946da4b43aca48972.jpg
АСТАНА, 16 қараша - Sputnik. Қазақстандық ғалымдар көктайғаққа қарсы жаңа материал ойлап тауып, оны патенттеді, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі.Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Kaztraffic-2023 жол көрмесінде жақында патенттелген көктайғаққа қарсы материалдың тұсаукесерін өткізді, деп нақтылады ведомствода.Ғалымдардың айтуынша, отандық өнімнің басты ерекшелігі 30°C аязда да мұзды ерітіп жібереді. Көктайғаққа қарсы жаңа материалдың құрамында кальций бар, ол бетон жабындарының беріктігін нығайтады және олардың бетін қабыршақтанудан қорғайды, ал фосфор жол бойындағы өсімдіктерге жақсы әсер етеді.Өнертабыс авторлары жаңа материалдың құрамында жолдарды бұзып, өсімдіктерге зиян келтіріп және аяқ киім мен автомобиль дөңгелектерін тоздыратын натрий хлориді немесе қарапайым тұздың жоғын айтады."Біз шетелдік көктайғаққа қарсы технологиялар 10°C аязда да мұзды жартылай ғана ерітетінін байқадық. Күн одан қатты суыса, мұз қайта қатып қалады. Бұл мәселені шешу үшін біз түбегейлі басқа көктайғаққа қарсы материал әзірледік. Оның құрамы мұзды тез ерітеді және 30°C аязды күндері жолда мұздың қатып қалуына жол бермейді", - деп қосты баспасөз қызметі.Тәжірибелік учаскеде сынақтан өткеннен кейін институт инвесторларды жаңа өнімді және көктайғаққа қарсы жаңа құралды кеңінен өндіріске қосуды жоспарлап отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32381324_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_cb3cf4faf14bb7286e736c44bda385fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көктайғақ
Ғалымдар көктайғаққа қарсы жаңа материал ойлап тапты
14:44 16.11.2023 (жаңартылды: 14:48 16.11.2023) Инновациялық өнертабыстың тұсаукесері Астанадағы Kaztraffic-2023 көрмесінде өтті
АСТАНА, 16 қараша - Sputnik. Қазақстандық ғалымдар көктайғаққа қарсы жаңа материал ойлап тауып, оны патенттеді, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
"Оның басқа мұзға қарсы төсеніштен айырмашылығы Қазақстанда әзірленген жаңа реагент аяқ киімді бүлдірмейді, асфальтты бұзбайды және экологияға зиян келтірмейді", - делінген хабарламада.
Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Kaztraffic-2023 жол көрмесінде жақында патенттелген көктайғаққа қарсы материалдың тұсаукесерін өткізді, деп нақтылады ведомствода.
Ғалымдардың айтуынша, отандық өнімнің басты ерекшелігі 30°C аязда да мұзды ерітіп жібереді. Көктайғаққа қарсы жаңа материалдың құрамында кальций бар, ол бетон жабындарының беріктігін нығайтады және олардың бетін қабыршақтанудан қорғайды, ал фосфор жол бойындағы өсімдіктерге жақсы әсер етеді.
Өнертабыс авторлары жаңа материалдың құрамында жолдарды бұзып, өсімдіктерге зиян келтіріп және аяқ киім мен автомобиль дөңгелектерін тоздыратын натрий хлориді немесе қарапайым тұздың жоғын айтады.
"Біз шетелдік көктайғаққа қарсы технологиялар 10°C аязда да мұзды жартылай ғана ерітетінін байқадық. Күн одан қатты суыса, мұз қайта қатып қалады. Бұл мәселені шешу үшін біз түбегейлі басқа көктайғаққа қарсы материал әзірледік. Оның құрамы мұзды тез ерітеді және 30°C аязды күндері жолда мұздың қатып қалуына жол бермейді", - деп қосты баспасөз қызметі.
Тәжірибелік учаскеде сынақтан өткеннен кейін институт инвесторларды жаңа өнімді және көктайғаққа қарсы жаңа құралды кеңінен өндіріске қосуды жоспарлап отыр.