https://sputnik.kz/20231116/qazaqstanda-2024-zhyly-avtokolikti-saqtandyru-quny-ozgeredi-40219824.html
Қазақстанда 2024 жылы автокөлікті сақтандыру құны өзгереді
Қазақстанда 2024 жылы автокөлікті сақтандыру құны өзгереді
Sputnik Қазақстан
Өңірлерде апат көрсеткіші аз болса, сақтандыру құны да төмен болады 16.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-16T15:40+0500
2023-11-16T15:40+0500
2023-11-16T15:56+0500
автокөлік
сақтандыру
сақтандыру өтемақысы
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1a/30641059_0:204:2916:1844_1920x0_80_0_0_1295966f563f47f502f5268e0c44b592.jpg
АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. 2024 жылдан бастап автокөлікті міндетті сақтандыру құны өзгереді, деп хабарлайды қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.Енді сақтандыру құнына көлік құралы тіркелген өңірдегі апат көрсеткіші ықпал ететін болады.Өңірде апаттар аз болған сайын сақтандыру компаниясы аздау төлем жасайды және тиісінше, сақтандыру тарифі де азырақ болуға тиіс, дейді ведомство.Қазір сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау кезінде жүргізушінің жасы мен көлік жүргізу тәжірибесі, автокөліктің типі, оны пайдалану мерзімі, автомобильдің тіркелген өңірі мен жүргізушінің апат жасау жағдайлары есепке алынады.Биыл қазанда агенттік 2024 жылға арналған түзету коэффициенттерін бекітті, олар көлік тіркелетін әрбір өңірге қолданылатын болады. Алдын ала болжам бойынша Қазақстанның 11 өңірінде автокөлікті сақтандыру құны төмендейді.Сақтандыру ұйымдары түзету коэффициенттерін жылына бір рет +/-10%-ға арттыруға немесе азайтуға құқылы.Мұндай тәсіл автокөлікті сақтандырудың әділ құнын қамтамасыз етуге бағытталған және автокөлікті міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларын уақытылы жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1a/30641059_94:0:2823:2047_1920x0_80_0_0_5f559647fae36e5556ad04ced964acf1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік, сақтандыру, сақтандыру өтемақысы
автокөлік, сақтандыру, сақтандыру өтемақысы
Қазақстанда 2024 жылы автокөлікті сақтандыру құны өзгереді
15:40 16.11.2023 (жаңартылды: 15:56 16.11.2023) Өңірлерде апат көрсеткіші аз болса, сақтандыру құны да төмен болады
АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. 2024 жылдан бастап автокөлікті міндетті сақтандыру құны өзгереді, деп хабарлайды қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Енді сақтандыру құнына көлік құралы тіркелген өңірдегі апат көрсеткіші ықпал ететін болады.
Өңірде апаттар аз болған сайын сақтандыру компаниясы аздау төлем жасайды және тиісінше, сақтандыру тарифі де азырақ болуға тиіс, дейді ведомство.
Қазір сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау кезінде жүргізушінің жасы мен көлік жүргізу тәжірибесі, автокөліктің типі, оны пайдалану мерзімі, автомобильдің тіркелген өңірі мен жүргізушінің апат жасау жағдайлары есепке алынады.
Биыл қазанда агенттік 2024 жылға арналған түзету коэффициенттерін бекітті, олар көлік тіркелетін әрбір өңірге қолданылатын болады. Алдын ала болжам бойынша Қазақстанның 11 өңірінде автокөлікті сақтандыру құны төмендейді.
"Мысалы, Алматы қаласында 18%, Атырау облысында 29%-ке төмендейді. Ал 7 өңірде сақтандыру құны артады Мысалы, Астана аласында 5%, Шымкентте 9%-ке қымбаттайды. Қарағанды және Ұлытау облыстарында – сақтандыру құны өзгеріссіз қалады деп күтілуде", - дейді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Сақтандыру ұйымдары түзету коэффициенттерін жылына бір рет +/-10%-ға арттыруға немесе азайтуға құқылы.
Мұндай тәсіл автокөлікті сақтандырудың әділ құнын қамтамасыз етуге бағытталған және автокөлікті міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларын уақытылы жаңартып отыруға мүмкіндік береді.