https://sputnik.kz/20231116/elordalyq-turgyn-qytaydan-tauar-aldyramyn-dep-31-million-tengesinen-ayyryldy-40207305.html
Елордалық тұрғын Қытайдан тауар алдырамын деп 31 миллион теңгесінен айырылды
Елордалық тұрғын Қытайдан тауар алдырамын деп 31 миллион теңгесінен айырылды
Sputnik Қазақстан
Дәл осындай 50-ге жуық адам алданған, полиция жәбірленушілер бұдан да көп болуы мүмкін дейді 16.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-16T11:18+0500
2023-11-16T11:18+0500
2023-11-16T11:18+0500
алаяқ
екібастұз
https://sputnik.kz/img/1435/99/14359995_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_668567e32deb3102763be143a51c3198.jpg
АЛМАТЫ, 16 қараша - Sputnik. Екібастұз қаласының 20 жастағы тұрғыны астаналық кәсіпкерлерді жүздеген миллион теңгеге алдады, деп хабарлайды Polisia.kz.Ол астаналықтарға Қытайдан тауарларды арзан бағамен әкеп беремін деп алдаған. Күдікті WhatsApp мессенджерінде көтерме бағамен түрлі тауарларды жарнамалайтын көптеген топтар құрған. Ол смартфондардан бастап ыдыс-аяққа дейін жеткізіп беруге уәде берген. Тапсырыс бергендердің алдын-ала төлеген қомақты ақшасын алып, байланысқа шықпай қойған.Дәл осындай 50-ге жуық адам алданған, полиция жәбірленушілер бұдан да көп болуы мүмкін дейді. 20 жастағы Екібастұз тұрғыны өз кінәсін мойындап, ақшаны өз қажетіне жұмсап тастағанын айтқан. Қазіргі күні ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр."Осы адамның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Астана полиция департаменті Сарыарқа ауданының полиция басқармасына немесе 8 (7172) 71-66-76; 71-66-46, +7 700 543 0101, немесе "102 нөміріне хабарласуларын сұраймыз", - деп хабарлайды полиция.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1435/99/14359995_107:0:1814:1280_1920x0_80_0_0_68f149ffabf7254017c1471af231ea7c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, екібастұз
Елордалық тұрғын Қытайдан тауар алдырамын деп 31 миллион теңгесінен айырылды
Дәл осындай 50-ге жуық адам алданған, полиция жәбірленушілер бұдан да көп болуы мүмкін дейді
АЛМАТЫ, 16 қараша - Sputnik. Екібастұз қаласының 20 жастағы тұрғыны астаналық кәсіпкерлерді жүздеген миллион теңгеге алдады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол астаналықтарға Қытайдан тауарларды арзан бағамен әкеп беремін деп алдаған. Күдікті WhatsApp мессенджерінде көтерме бағамен түрлі тауарларды жарнамалайтын көптеген топтар құрған. Ол смартфондардан бастап ыдыс-аяққа дейін жеткізіп беруге уәде берген. Тапсырыс бергендердің алдын-ала төлеген қомақты ақшасын алып, байланысқа шықпай қойған.
"Сарыарқа ауданының полиция басқармасына елорда тұрғыны келіп, Қытайдан тауарға тапсырыс бергенін айтты. Күдікті алдын-ала төлем талап еткен. Жәбірленуші әйел алаяққа бірден 31 миллион теңге аудардған. Тауары келмеген ол бір айдан кейін полицияға жүгінді. Қазіргі уақытта полицияға алданған осындай үш кәсіпкер арыз берді", - дейді ведомстводағылар.
Дәл осындай 50-ге жуық адам алданған, полиция жәбірленушілер бұдан да көп болуы мүмкін дейді. 20 жастағы Екібастұз тұрғыны өз кінәсін мойындап, ақшаны өз қажетіне жұмсап тастағанын айтқан. Қазіргі күні ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"Осы адамның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Астана полиция департаменті Сарыарқа ауданының полиция басқармасына немесе 8 (7172) 71-66-76; 71-66-46, +7 700 543 0101, немесе "102 нөміріне хабарласуларын сұраймыз", - деп хабарлайды полиция.