https://sputnik.kz/20231116/artsport-bagdarlamasyn-iske-asyru-barysynda-zan-buzushylyqtar-anyqtaldy-40214701.html
"Artsport" бағдарламасын іске асыру барысында заң бұзушылықтар анықталды
"Artsport" бағдарламасын іске асыру барысында заң бұзушылықтар анықталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 қараша - Sputnik. "Artsport" бағдарламасын жүзеге асыру кезінде, қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты жаппай... 16.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-16T13:59+0500
2023-11-16T13:59+0500
2023-11-16T14:05+0500
прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15700874_0:227:3073:1955_1920x0_80_0_0_c12307a88941b8af22b73633b7f9e581.jpg
АЛМАТЫ, 16 қараша - Sputnik. "Artsport" бағдарламасын жүзеге асыру кезінде, қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты жаппай бұзушылыққа әкеп соққан жүйелі кемшіліктер орын алды, деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы.Прокуратура бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.Сонымен қатар спорт клубтары мен мәдени үйірмелердің салық заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.Жекелеген жеткізушілер "Артспорт" жұмыс істеп тұрған кезеңінде ҚҚС салығын төлеушілер ретінде қойылмаған. Прокуратура мемлекеттік кірістер департаментіне қадағалау актісін енгізді, нәтижесінде жеткізушілер 25 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15700874_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_0076511fb4d7d4b1a0faceb4d056955e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура
"Artsport" бағдарламасын іске асыру барысында заң бұзушылықтар анықталды
13:59 16.11.2023 (жаңартылды: 14:05 16.11.2023) АЛМАТЫ, 16 қараша - Sputnik. "Artsport" бағдарламасын жүзеге асыру кезінде, қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты жаппай бұзушылыққа әкеп соққан жүйелі кемшіліктер орын алды, деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы.
Прокуратура бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
"Жүйенің кемшілігі футбол клубының директорына орындалған жұмыс актілеріне жалған мәлімет енгізуге мүмкіндік берген. Аталған факті бойынша 30 мамырда аудан прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша клуб директорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Сот үкімімен жеткізуші қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды" , - делінген хабарламада.
Сонымен қатар спорт клубтары мен мәдени үйірмелердің салық заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.
Жекелеген жеткізушілер "Артспорт" жұмыс істеп тұрған кезеңінде ҚҚС салығын төлеушілер ретінде қойылмаған. Прокуратура мемлекеттік кірістер департаментіне қадағалау актісін енгізді, нәтижесінде жеткізушілер 25 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.