https://sputnik.kz/20231115/tort-zhasar-aykorkemnin-olimi-prokuror-sot-sheshimimen-kelispeydi-40200917.html
Төрт жасар Айкөркемнің өлімі: прокурор сот шешімімен келіспейді
Төрт жасар Айкөркемнің өлімі: прокурор сот шешімімен келіспейді
Sputnik Қазақстан
Әскери прокуратура сот үкімінің күшін жою үшін аппеляциялық шағым түсіреді 15.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-15T19:38+0500
2023-11-15T19:38+0500
2024-08-21T10:25+0500
қаңтар оқиғасы
сот
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094304_0:155:3001:1843_1920x0_80_0_0_e67c28acac3c32562090cb6f32d06745.jpg
АЛМАТЫ, 15 қараша - Sputnik. Бас әскери прокуратура 4 жасар Айкөркем өліміне қатысты сот үкімінің күшін жою үшін аппеляциялық шағым түсіреді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.15 қарашада Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркем өлімі бойынша істі болған Арман Жұман ақталды.Ол қаруды қолдану арқылы билікті асыра пайдаланып, кәмелетке толмаған баланың өліміне және екі адамға дене жарақатын келтіргені үшін айыпталған еді.Сот жарыс сөзі барысында мемлекеттік айыптаушы Жұманды кінәлі деп танып оған 7 жыл бас бостандығын айыру жазасын тағайындауды сұраған.Сот үкімін өзгерту үшін прокурор апелляциялық өтініш хат жолдады.Қайғылы оқиға 7 қаңтар кешкі сағат жеті шамасында Сәтбаев пен Желтоқсан көшесі қиылысында болған. Сол жерге жете бергенде екі жасөспірім мен екі бала отырған көлікке оқ атылған. Салдарынан 4 жасар Айкөркемнің маңдайына оқ тиген.
https://sputnik.kz
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094304_0:0:2667:2000_1920x0_80_0_0_38b4b546d1033c93c8026086d89c0102.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар оқиғасы, сот
Төрт жасар Айкөркемнің өлімі: прокурор сот шешімімен келіспейді
19:38 15.11.2023 (жаңартылды: 10:25 21.08.2024) Әскери прокуратура сот үкімінің күшін жою үшін аппеляциялық шағым түсіреді
АЛМАТЫ, 15 қараша - Sputnik. Бас әскери прокуратура 4 жасар Айкөркем өліміне қатысты сот үкімінің күшін жою үшін аппеляциялық шағым түсіреді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
15 қарашада Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркем өлімі бойынша істі болған Арман Жұман ақталды.
Ол қаруды қолдану арқылы билікті асыра пайдаланып, кәмелетке толмаған баланың өліміне және екі адамға дене жарақатын келтіргені үшін айыпталған еді.
Сот жарыс сөзі барысында мемлекеттік айыптаушы Жұманды кінәлі деп танып оған 7 жыл бас бостандығын айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Сот үкімін өзгерту үшін прокурор апелляциялық өтініш хат жолдады.
Қайғылы оқиға 7 қаңтар кешкі сағат жеті шамасында Сәтбаев пен Желтоқсан көшесі қиылысында болған. Сол жерге жете бергенде екі жасөспірім мен екі бала отырған көлікке оқ атылған. Салдарынан 4 жасар Айкөркемнің маңдайына оқ тиген.