SCAT әуе компаниясы жаңа 7 ұшақ сатып алады

© Photo : пресс-служба авиакомпании SCAT SCAT әуе компаниясы
SCAT әуе компаниясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2023
Жазылу
Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Boeing әуе лайнерлерін жеткізу мерзімін нақтыламады
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. "Dubai Airshow-2023" 18-ші халықаралық аэроғарыштық көрмесінде "SCAT" әуе компаниясы Boeing 737-MAX 8 типті 7 жаңа ұшақты жеткізуге келісімшарт жасасты , деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
"Флотты тағы 7 жаңа Boeing 737-MAX 8 ұшағымен толықтыру әуе компаниясының тасымалдау сыйымдылығын арттырады, бұл өз кезегінде рейстердің уақытында орындалуына және бағыттыр желісінің кеңейтуге оң әсер етеді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта "SCAT" әуе компаниясында 37 ұшақ бар. Айта кетері, 2022 және 2023 жылдары Boeing 737 типті 9 жаңа ұшақ келген.
Ведомство қазақстандық әуе компанияларының паркін кеңейту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.
Самолеты в Казахстане: количество и возраст - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2023
Инфографика
Қазақстанда қанша ұшақ бар
Жаңалықтар
0