Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі лоукостері Қазақстанға ұшуды бастайды

© Photo : Пресс-служба авиакомпании Air Asia XСамолеты авиакомпании Air Asia X
Самолеты авиакомпании Air Asia X - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2023
Жазылу
Ақпан айынан бастап алматылықтар мен Қазақстанның оңтүстік астанасының қонақтары Куала-Лумпурға аптасына төрт рет ұша алады
АСТАНА, 15 қараша - Sputnik. Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі лоукостері Қазақстанға тұрақты рейстер ашады, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.
"Комитет Малайзияның авиациялық билігімен бірлесіп, Малайзияның Air Asia Х төмен бюджеттік авиакомпаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесі пысықталды", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Air Asia Х 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап Куала-Лумпур – Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рет жолаушылар тасымалдайды, деп толықтырды комитет.
Қазақстандықтар сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері сыйымдылығы 285-тен 377-ге дейінгі А-330 типті әуе кемелерімен Малайзияның астанасына ұша алады.
"Қазақстан мен Малайзия арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады", - деді ведомстводан.
Air Asia X компаниясы 2006 жылы құрылды. Оның паркі 270-ке жуық A-320, A-320neo, A-321neo және A-330 типті әуе кемелерінен тұрады, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.
Жаңалықтар
0