https://sputnik.kz/20231115/eldi-durliktirgen-eks-ministrdin-isi-deputattar-ukimetke-usynys-tastady-40191721.html
Елді дүрліктірген экс-министрдің ісі: депутаттар үкіметке ұсыныс тастады
Елді дүрліктірген экс-министрдің ісі: депутаттар үкіметке ұсыныс тастады
Sputnik Қазақстан
Мәжіліс депутаттары әйелдерге қарсы жасалған жеңіл түрдегі зорлық-зомбылықтың өзін қылмыс деп тануды талап етіп отыр 15.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-15T14:11+0500
2023-11-15T14:11+0500
2023-11-15T14:11+0500
қуандық бишімбаевтің ісі
қуандық бишімбаев
депутаттар
депутаттық сауал
мәжіліс депутаты
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14982355_0:19:1198:693_1920x0_80_0_0_a11fa31015eda9c29f7c74e6a91fad86.jpg
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Amanat партиясы фракциясының депутаттары зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдатуды көздейтін заң жобасын тез арада қабылдау қажет деп санайды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат бұған дейін президент отбасында ойран салатындарға қатысты жазаны күшейтуді тапсырғанын еске салды.Айтуынша, Amanat депутаттары қыркүйекте осы тапсырманы орындау мақсатында балаларға және отбасындағы әйелдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылықты тоқтату үшін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне" арналған заң жобасын шұғыл әзірлеген."Заң тұжырымдамасындағы түзетулер зорлық-зомбылықты қылмыс ретінде тану, педофилдергеөмір бойынабас бостандығынан айыру жазасын кесу, жалпы жаза мен жауапкершілікті күшейту тетіктерін қарастырады. Өкініштісі сол, түсініксіз себептермен заң әлі мәжіліске енген жоқ", -дейді Сүлейменова.Үкіметтік емес ұйымдардың зерттеулеріне сүйенсек, 2021 жылы үйдегі зорлық-зомбылықтың сотқа тек 40 пайызы жеткен. Олардың тек 39 пайызына ғана 2 сағаттан 3 тәулікке дейін әкімшілік жаза қарастырылған."Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін – адамның ар-намысын құрметтейтін құқықтық мәдениетті жастар арасында қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарға негізделген тәрбие беру, моральдық ұстанымды бекіту, жауапкершілікті күшейту, ең бастысы заңдағы жазаны қатаңдату және оның сапалы орындалуын қадағалау шарт. Осыдан тура бір ғасыр бұрын тіпті Алаш зиялылары да қазақ халқының прогрессивті дамуын қоғамдағы қазақ әйелінің ауыр жағдайын шешумен байланыстырды. Қыздарды білімге, өнерге үндеді, отбасындағы жөнсіз қаталдықты, мейірімсіздікті аяусыз әшкереледі. Қазақ әйелдерінің ендігі тағдыры баршамызға тікелей байланысты", -деп атап өтті мәжіліс депутаты.Осыған байланысты Amanat партиясы фракциясының депутатары бірнеше ұсыныс жасады."Әйелдер мен балалар зорлық-зомбылықтың құрбаны болмас үшін тіпті жеңіл түрдегі зорлық-зомбылық қылмыс деп танылуы қажет. Әйел мен балаға зорлық-зомбылық көрсеткендерге аяушылық танытуға болмайды. Ешкімнің әйел адамдарды қорлап өлтіруге қақы жоқ! Қылмыскерге қатаң жаза берілуін талап етеміз!", -деді ол.Екіншіден, депутаттар заңнамада тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алатын, қатаң шаралар қабылдайтын жауапты мемлекеттік органды бекітетін уақыт жетті деп есептейді. Мәжілісмендер үкіметтен әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ажырасқан әйелдерге алиментті уақытылы төлеуге бағытталған нақты механиздері айқындалған мемлекеттік саясатты бекітуді сұрады.Үшіншіден, отбасылық зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен криминализациясы қарастырылған, бірнеше депутаттың бастамасымен әзірленген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған заң тұжырымдамасын мәжіліске енгізуді сұрады.Еске сала кетейік, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы тараған хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың мас күйінде болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
https://sputnik.kz/20231115/zan-barine-birdey-toqaev-bishimbaevtyn-isin-erekshe-baqylauga-aludy-tapsyrdy-40177929.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14982355_95:0:1162:800_1920x0_80_0_0_363f4b17a1f046da183182477a880319.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаевтің ісі, қуандық бишімбаев, депутаттар, депутаттық сауал, мәжіліс депутаты, зорлық-зомбылық
қуандық бишімбаевтің ісі, қуандық бишімбаев, депутаттар, депутаттық сауал, мәжіліс депутаты, зорлық-зомбылық
Елді дүрліктірген экс-министрдің ісі: депутаттар үкіметке ұсыныс тастады
Мәжіліс депутаттары әйелдерге қарсы жасалған жеңіл түрдегі зорлық-зомбылықтың өзін қылмыс деп тануды талап етіп отыр
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Amanat партиясы фракциясының депутаттары зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдатуды көздейтін заң жобасын тез арада қабылдау қажет деп санайды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жемқорлық үшін сотталып, артынан рақымшылыққа ие болған экс-шенеунік өз әйелін өлтірді деген күдікке ілінді" деген жантүршігерлік ашық ақпараттардан қоғам дүрбелеңге түсті. Отбасылық зорлық-зомбылық, қатыгез патриархалдық озбырлыққа шыдамаған әйелдердің жан дауысын еститін және қатаң шара қабылдайтын уақыт жетті деп білеміз", - деп бастады депутаттық сауалын Сүлейменова.
Депутат бұған дейін президент отбасында ойран салатындарға қатысты жазаны күшейтуді тапсырғанын еске салды.
Айтуынша, Amanat депутаттары қыркүйекте осы тапсырманы орындау мақсатында балаларға және отбасындағы әйелдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылықты тоқтату үшін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне" арналған заң жобасын шұғыл әзірлеген.
"Заң тұжырымдамасындағы түзетулер зорлық-зомбылықты қылмыс ретінде тану, педофилдергеөмір бойынабас бостандығынан айыру жазасын кесу, жалпы жаза мен жауапкершілікті күшейту тетіктерін қарастырады. Өкініштісі сол, түсініксіз себептермен заң әлі мәжіліске енген жоқ", -дейді Сүлейменова.
Үкіметтік емес ұйымдардың зерттеулеріне сүйенсек, 2021 жылы үйдегі зорлық-зомбылықтың сотқа тек 40 пайызы жеткен. Олардың тек 39 пайызына ғана 2 сағаттан 3 тәулікке дейін әкімшілік жаза қарастырылған.
"Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін – адамның ар-намысын құрметтейтін құқықтық мәдениетті жастар арасында қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарға негізделген тәрбие беру, моральдық ұстанымды бекіту, жауапкершілікті күшейту, ең бастысы заңдағы жазаны қатаңдату және оның сапалы орындалуын қадағалау шарт. Осыдан тура бір ғасыр бұрын тіпті Алаш зиялылары да қазақ халқының прогрессивті дамуын қоғамдағы қазақ әйелінің ауыр жағдайын шешумен байланыстырды. Қыздарды білімге, өнерге үндеді, отбасындағы жөнсіз қаталдықты, мейірімсіздікті аяусыз әшкереледі. Қазақ әйелдерінің ендігі тағдыры баршамызға тікелей байланысты", -деп атап өтті мәжіліс депутаты.
Осыған байланысты Amanat партиясы фракциясының депутатары бірнеше ұсыныс жасады.
"Әйелдер мен балалар зорлық-зомбылықтың құрбаны болмас үшін тіпті жеңіл түрдегі зорлық-зомбылық қылмыс деп танылуы қажет. Әйел мен балаға зорлық-зомбылық көрсеткендерге аяушылық танытуға болмайды. Ешкімнің әйел адамдарды қорлап өлтіруге қақы жоқ! Қылмыскерге қатаң жаза берілуін талап етеміз!", -деді ол.
Екіншіден, депутаттар заңнамада тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алатын, қатаң шаралар қабылдайтын жауапты мемлекеттік органды бекітетін уақыт жетті деп есептейді. Мәжілісмендер үкіметтен әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ажырасқан әйелдерге алиментті уақытылы төлеуге бағытталған нақты механиздері айқындалған мемлекеттік саясатты бекітуді сұрады.
Үшіншіден, отбасылық зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен криминализациясы қарастырылған, бірнеше депутаттың бастамасымен әзірленген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған заң тұжырымдамасын мәжіліске енгізуді сұрады.
Еске сала кетейік, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы тараған хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.
Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың мас күйінде болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.
ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.
Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.