Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Донецктегі атыс кезінде бейбіт тұрғын зардап шекті

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуДонецк. Архивное фото
Донецк. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 қараша - Sputnik. Донецкте атыс кезінде бейбіт тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.

"Украина әскерінің Петров ауданын атқылау кезінде 1975 жылы туған тұрғын зардап шекті", - делінген қала мэрі Алексей Кулемзиннің телеграм арнасында.

Бұған дейін ДХР өкілдері украиндық әскерлер бұл ауданға 4 зымыран мен 155 калибрлі тоғыз снаряд жібергенін хабарлаған.
Петров ауданы Донецктің батыс жақ шетінде орналасқан. Бұл қаладан ең шалғай аудан. 2014 жылы ДХР Киевтен тәуелсіз екенін жариялағаннан бері аудан үнемі украиналық күштер тарапынан атысқа ұшырап келген.
Жаңалықтар
0