Денсаулық сақтау саласына тартылған инвестиция бір жылда 45% өсті

© Photo : DarkoStojanovicИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2023
Жазылу
Биыл тоғыз айда ең көп инвестиция Астанада салынды, Алматы екінші, Түркістан облысы үшінші орыннан көрінді
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Биыл қаңтар-қыркүйекте денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 209,4 млрд теңгеге жетті, бұл былтырғыдан 50,7% көп. Бұл туралы Finprom хабарлады.
Нақты айналым индексі 144,6%-ды құрап, сектордағы инвестицияның өскенін көрсетті.
Салыстыру үшін айтсақ, 2022 жылдың сәйкес кезеңінде секторға салынған инвестиция көлемі 138,9 млрд теңге болды, бұл 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда құндық шамада 15,6% артық.
Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша қаржының 42,7 %-ы меншікті қаражат есебінен бөлінді: ол – 89,5 млрд теңге, яғни былтырғыдан 85,1% артық.
Бөлінген қаржының тағы 27,3%-ы жергілікті бюджет қаражаты есебінен алынды: 57,1 млрд теңге, бір жылда 20,9%-ке өсті. Республикалық бюджеттен бөлінген инвестиция көлемі бір жылда 64,5% артып, 52,2 млрд теңгеге, банк кредиттері есебінен салымдар 1% өсіп, 4,9 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар банктік емес қарыз қаражат 15,2%-ке, 5,7 млрд теңгеге дейін қысқарды.
Өңірлер арасында биыл тоғыз айда секторға ең көп инвестиция Астанада салынды: 59,1 млрд теңге, бір жылда 69,5% артқан.
Сондай-ақ Алматы қаласы (39,4 млрд теңге), Түркістан (16,9 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан (16,7 млрд теңге) облыстарысалым көлемі жағынан алда тұр.
Ең аз көрсеткіш Маңғыстау (1,4 млрд теңге), Ұлытау (1,5 млрд теңге) және Алматы (1,6 млрд теңге) облыстарында тіркелді.
Инвестицияның ең көп жылдық өсімі Атырау облысында (10 есе, 3,3 млрд теңгеге дейін), ең көп қысқару Маңғыстау облысында (81%, 1,4 млрд теңгеге дейін) тіркелді.
Жаңалықтар
0