https://sputnik.kz/20231115/almatyda-prokurorlar-13-bankke-9-mln-tenge-ayyppul-saldy-40186199.html
Алматыда прокурорлар 13 банкке 9 млн теңге айыппұл салды
Алматыда прокурорлар 13 банкке 9 млн теңге айыппұл салды
Sputnik Қазақстан
Мегаполисте бірде-бір банк бөлімшесінде мүгедектерге жағдай жасалмаған 15.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-15T11:15+0500
2023-11-15T11:15+0500
2023-11-15T11:32+0500
прокуратура
мүгедек
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31464213_0:0:3077:1731_1920x0_80_0_0_38ccb808de5abd3a9c7db01179f8d6c7.jpg
АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. Алматыда мүгедектерге жағдай жасамаған 13 банк жауапқа тартылды, деп хабарлады қалалық прокуратура.Мүгедектер құқының бұзылғанын Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы анықтаған.Бүгедек жандар прокурорларға банктердегі қызмет сапасының нашарлығын айтып, бұған дейін де шағымданып жүрген.Негізі Алматыда мүмкіндігі шектеулі 50 мыңнан астам адам тұрады."Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін Алматы қаласы еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті 13 екінші деңгейлі банкті "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР кодексінің 83-бабы бойынша 9 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапқа тартты", - дейді прокуратура.Уәкілетті орган барлық банктерге кемшіліктерді жою және мүгедекжандар үшін жағдай жасау туралы ұйғарымдар берді.Қазіргі уақытта 8 банк өз бөлімшелерін талапқа сәйкестендіріп үлгерген, ал қалғандары тиісті шаралар қабылдап жатқан көрінеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31464213_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_792bd5e935335da189caf443f41782d1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура, мүгедек
Алматыда прокурорлар 13 банкке 9 млн теңге айыппұл салды
11:15 15.11.2023 (жаңартылды: 11:32 15.11.2023) Мегаполисте бірде-бір банк бөлімшесінде мүгедектерге жағдай жасалмаған
АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. Алматыда мүгедектерге жағдай жасамаған 13 банк жауапқа тартылды, деп хабарлады қалалық прокуратура.
Мүгедектер құқының бұзылғанын Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы анықтаған.
"Прокурорлар қаладағы банктердің бірде-бір бөлімшесі қойылған талаптарға сәйкес еместігін анықтады, яғни пандустар, мнемосхемалар, арнайы кассалар не талапқа сай емес, не мүлде жоқ", - деп жазды ведомство.
Бүгедек жандар прокурорларға банктердегі қызмет сапасының нашарлығын айтып, бұған дейін де шағымданып жүрген.
Негізі Алматыда мүмкіндігі шектеулі 50 мыңнан астам адам тұрады.
"Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін Алматы қаласы еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті 13 екінші деңгейлі банкті "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР кодексінің 83-бабы бойынша 9 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапқа тартты", - дейді прокуратура.
Уәкілетті орган барлық банктерге кемшіліктерді жою және мүгедекжандар үшін жағдай жасау туралы ұйғарымдар берді.
Қазіргі уақытта 8 банк өз бөлімшелерін талапқа сәйкестендіріп үлгерген, ал қалғандары тиісті шаралар қабылдап жатқан көрінеді.