https://sputnik.kz/20231114/ulttyq-bank-10-000-tengelik-mereytoylyq-banknotany-aynalymga-shygarady-40158297.html
Ұлттық банк 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады
Ұлттық банк 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады
Sputnik Қазақстан
Жаңа банкнота елдің бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады 14.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-14T15:52+0500
2023-11-14T15:52+0500
2023-11-14T15:52+0500
қоғам
банкнот
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468399_0:0:3073:1730_1920x0_80_0_0_5c44cfd6e516c892dc33a6ee4cee949d.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Ұлттық банк Қазақстанның ұлттық валютасының 30 жылдығына орай 15 қарашадан бастап номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.Жаңа банкнотада 19 қорғаныш элементі бар. Монета бейнеленген дизайнда негізгі голографиялық элемент – теңгенің "₸" белгісі қолданылған. Банкнотаның екі жағында да шексіз қозғалыстың символы – "Мёбиус лентасы" бар.Банкнотаның алдыңғы бетінде қазақы ою-өрнекпен дәстүрлі стильде безендірілген өңірлері бар Қазақстан картасы бейнеленген. Банкнотаның екінші бетінде картадағы Еуразия құрлығының жалпы контуры сызылған. Онда 5 мм магнитті қорғаныш жіп пен "₸" белгісі түріндегі Спарк элементі бар.Номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстанның барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті, деп атап өтті Ұлттық банктегілер.
https://sputnik.kz/20220930/nominaldyq-quny-20-000-tengelik-zhana-banknot-aynalymga-shygady-28077556.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468399_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_afde657ed2658390aaf6c6ddb7038bbc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банкнот, ұлттық банк
Ұлттық банк 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады
Жаңа банкнота елдің бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Ұлттық банк Қазақстанның ұлттық валютасының 30 жылдығына орай 15 қарашадан бастап номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Жаңа банкнотада 19 қорғаныш элементі бар. Монета бейнеленген дизайнда негізгі голографиялық элемент – теңгенің "₸" белгісі қолданылған. Банкнотаның екі жағында да шексіз қозғалыстың символы – "Мёбиус лентасы" бар.
Банкнотаның алдыңғы бетінде қазақы ою-өрнекпен дәстүрлі стильде безендірілген өңірлері бар Қазақстан картасы бейнеленген. Банкнотаның екінші бетінде картадағы Еуразия құрлығының жалпы контуры сызылған. Онда 5 мм магнитті қорғаныш жіп пен "₸" белгісі түріндегі Спарк элементі бар.
Номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстанның барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті, деп атап өтті Ұлттық банктегілер.